• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Қазақстанның бейбітсүйгіш саясаты – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің ерен үлгісі

997 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы, Мәдениет министрлігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесе отырып, еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік. Елбасы. Ел бірлігі» тақырыбында этносаралық және конфессияаралық мәселелер жөніндегі халықаралық конференция өткізді. Шараға Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орын­ба­сары Бағлан Майлыбаев бастаған мемлекеттік органдар өкілдері, Ассамблея мүшелері мен оның ғылыми-сараптамалық қауымдас­тығы, этномәдени бірлестіктер бас­шылары, БАҚ өкіл­дері және студент жастар қа­тыс­ты. Сондай-ақ жиынға 13 мем­лекеттің ғалымдары шақыры­лып­ты. Б.Майлыбаев Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің үлкен залына жи­нал­ған студент жастарға қаратып, Брюссельде Халықаралық студенттер федерациясының Алма­ты қаласын 2017 жылғы Қысқы универсиаданың астанасы деп жариялағанымен құттықтады. Ке­­шегі күн арнайы қабылданған «Жұлдызды жиырма күн» кестесі бойынша «Келісім» – ел бірлігі күні деп аталды. Еңселі елге, мәртебелі мемлекетке айнал­ға­ны­мыз Тәуелсіздіктің арқасы. Тәу­ел­сіздік деген қасиетті ұғымның болашағы да, түпкі негізі де ең алдымен тұрақтылықпен, ал оның өзі ел бірлігімен байланысты, деді Б.Майлыбаев. Осы орайда Бағлан Асау­бай­ұлы өз сөзінде былай деді: «Бү­гінгі Тәуелсіздік пен Қазақстан­ның бейбіт саясаты тұрақтылық пен ұлттық бірліктің іргелі негізіне айналды. Бұл өз кезегінде Президент – Ұлт көшбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі, оның бейбітшілік пен жасам­паз­дық саясатының жемісті нәтижесі болып табылады». Мемлекет пен халықтың тәу­елсіздігі сол дәуірге, ол туғызған қауіптерге сәйкес келеді. Ал дәу­ірдің парадоксы мемлекет тәуел­сіздігі жаһанданумен үйлесімде болады. Кейбір сарапшылар әрқа­шанда жаһандану жеңеді дегенді айтып қалып жүр. Алайда, әлем­дік қаржы дағдарысын еңсеру тәжірибесі көрсеткендей, тәуелсіз мемлекет ұғымын мұрағатқа жіберу әлі ерте екендігін дәлелдеді. Тиісінше, тәуелсіз елдердің рөлі артып шыға келді. Сондықтан тәуелсіздік жаһандық үдерістерге кірігуді білдіреді. Оның арқаулық басты элементтері ақпараттық-технология және инновация. Президент инновацияны дамудың бас­ты кілті етіп алғаны да сон­дықтан. Сонымен қатар, әлемге Нұр­сұлтан Назарбаевтың үлгісі ретінде танылған этносаралық то­леранттылық пен қоғамдық келі­сімнің қазақстандық моделін қа­лыптастыру, мемлекет пен саяси элитаны біріктірген Ассамблея құру, еуразиялық идеяны дамыту, ұсынылған ықпалдастықтың жа­ңа нұсқасы – бұл жоғары гумани­тарлық технологиялар мен әлеу­меттік инновацияларды бекітетін, әлемдік жаһандану мен пол­и­эт­ностық жағдайда әр түрлі мәде­ниеттер мен өркениеттердің бірлесе тіршілік кешуіне зияткерлік негіздер қалайтын қазіргі заманғы ең қажетті құндылықтар болып табылады. Ұлтаралық келісім үнемі мемлекеттік саясатымыздың негізі бо­лып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәу­елсіз мемлекет құрғаннан бастап қоғамды біріктіретін мәселені қолға алды. Ол үшін осыған дейін болып көрмеген теңдессіз үлгі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құ­рылды. Аталған құрылым ха­лық­аралық қоғамдастық алдында өнегелі үлгіге айналды. Конфе­рен­цияның модераторы, ҚХА Төр­ағасының орынбасары, Қазақ­стан Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ера­лы Тоғжанов «Бейбітшілік пен жасампаздықтың қазақстандық жо­лы» атты баяндамасында қо­ғам­дық дамудың үлгісі болып жаңарған және құқықтық тұр­ғы­дан еліміздің Конституциясы нормаларында, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы мен өзге де құқықтық актілерде бекітілген «Қазақстандық жол» терең мән-мағынаға ие болғандығына ке­ңі­нен тоқталды. Бүгінгі таңда, эт­носаралық қатынастар мен еу­разиялық ықпалдасу саласындағы Қазақстан тәжірибесі тек ға­лым­дар мен қоғам қайраткерлерімен шектелмей, мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар бас­шы­лары тарапынан оқылып зерттелуде. БҰҰ-да, ЕҚЫҰ елдерінде, Женева, Нью-Йорк, Варшава, Копенгаген, Вена қалаларындағы ауқымды халықаралық форумдарда қазақстандық үлгінің тұсау­ке­сері өткізілгені белгілі. Шетелдік сарапшылар да өз тараптарынан қазақстандық үлгінің артық­шы­лықтарын, Елбасының этнос­аралық татулық пен конфес­сия­аралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Халықаралық конференция со­ңында Мемлекет басшысының атына үндеу жолданды. Онда Қа­зақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан На­зарбаевтың саясатындағы саяси ерік-жігер мен оның маңыз­ды­лы­ғы ерекше аталған. Сондай-ақ Ел­басының этносаралық және кон­фессияаралық толеранттылықты нығайтуға бағытталған прогрессивті бастамалары мен ық­пал­дастыққа бағытталған идеяла­ры­ның арқасында халықтар арасын­дағы сенім, мәдени мұраны сақ­тау – қоғамдық түсіністік нор­ма­сына, Қазақстанның көрегенді ұс­танымына, әлемдік қоғамдастық үшін теңдессіз үлгіге айналды деп нақты көрсетілген. Бұдан басқа конференцияда бес сессия барысында өзекті мә­се­лелер талқыланды. Олар: Н.Ә.На­зарбаевтың этносаралық толе­рант­­тылық пен қоғамдық ке­лісім­нің қазақстандық үлгісі; Н.Ә.На­зар­баевтың еуразиялық идеясы; Шығыс пен Батыс ара­сындағы өр­ке­ниетті үнқатысу; Та­рихи-мә­д­ени нысан тұрғысын­да­ғы Тәу­ел­сіздік, азаматтылық, сәй­кестілік ұғымдары; Тәуелсіз Қазақстан: тілдік үрдістер және тілдік сая­саттың басымдықтары; Тәуелсіз Қазақстандағы журналистика. Ки­но. Театр. Сондай-ақ халық­ара­лық конференция ая­сын­да «Бей­бітшілік пен жасампаз­дық­тың 20 жылы» тақырыбында Қа­зақстан халқы Ассамблея­сы­ның және оның аймақтық құры­лым­да­рының жобалары көрмесі, оның ғылыми тұсаукесері өткі­зі­ліп, эт­носаралық қатынастар мә­се­лелері бойынша ҚХА жанын­дағы Жетекші журналист-сарап­шылар клу­­бының отырысы ұй­ым­дас­ты­рыл­ды. Онда этно­жур­на­лис­тика са­ла­сындағы «Шаңырақ» шығар­ма­шылық конкурсының қо­рытын­дысы жарияланды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.