• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әдебиет 15 Тамыз, 2018

Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» кітабының тұсакесері өтті

714 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында Алм­атыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Жамбыл» сыйлығының иегері Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» кітабының тұсакесері өтті.

Қазақ әдебиетін шетел­дерде насихаттауды шығарма­шылығына берік ұстаным кеткен Мәлік Отарбаев бү­гінде еліміз ғана емес түркі дүниесіне белгілі қаламгер. Көпшілік елей бермейтін қоғамдағы түйткілді мәселе­лерді қамтып жазған адами құндылықтар, руханият мазмұнындағы эсселері мен шағын әңгімелерін автор Астананың 20 жылдығына тарту еткен «Бір қайыры бар дүние» кітабына арқау етіпті. Кітапты жарыққа шығарған – «Аннұр» баспасы.

Зиялы қауым өкілдері бас қосқан рухани іс-шараны ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізіп, Мәлік Отарбаевтың қазақ қаламгерлерінің шығар­маларын түркі дүниесіне та­нытудағы еңбектеріне тоқ­талды. 

Ал Ұлттық кітапхананың директоры Ж.Сейдуманов жазушыға шығармашылық табыстар тілей отырып, ал­дағы уақытта осы руханият шаңырағында қазақ жазу­шылары алаңының ашы­латындығы жайындағы қуа­нышты хабарды жеткізді.

Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін алғашқы болып сегіз жасар Мұстафа бастады. Бал­дырғанның әкесі жас жазу­шыға кезінде есімін өзіңіз қо­йыңыз деп қолқалаған екен. Д.Ысқақ, Б.Шаханұлы, ана тіліміздің жанашыры А.Осман, қоғам қайраткері Ш.Беркімбаева сынды қай­рат­­кер­леріміз кітаптың лентасын қиып, жазушының шығармашылығына телегей табыстар тіледі. 

Автордың жаңа туындысына орай пікірін білдірген ақын Рафаэль Ниязбеков «Бір қайыры бар дүние» кіта­бында жарық көрген ық­шам­ды дүниелерде үлкен философия, мән-мағына жатқ­ан­дығына тоқталды. Күнделікті тіршілікте кез келген адам елей бермейтін құнды сөз­дерд­і қаламына арқау еткен Мәлік Отарбаевтың бұл да бір ерекше қыры деп, атап өтті аға қаламгер. 

«Мәліктің шығарма­шы­лы­ғына зор құрметпен қарай­мын. Әрбір сөзін маз­мұн­ды тіркестермен өріп, бес-алты сөйлемнің ішіне құн­ды дүниені сыйғыза білген шеберлігіне тәнті бола оты­рып, білікті, білімді, зер­делі жазушы екендігін байқай­мыз», деп бағасын берген жазушы А.Ашири автордың «Баянды бақ» пьесасы тұрғы­сында да аз-кем пікірін біл­дірді. 

Ал ақын Темірхан Медет­бек және жазушы Берік Шаханұлы жазушы­ның аза­маттығымен қатар кәсіби са­ладағы іскерлігіне тоқ­талды. Прозада, драматур­гиямен қатар аударма саласындағы шығармалары арқылы қазақ пен түркі жұр­тын мәдени тұрғыдан байланыстырып жүргендігін атап өтті.  

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсі­репов­тің әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Әділғазы Қайырбеков қа­зақ-түркі әдебиетінің қай­нарынан қанып ішкен жас жа­зушының әлемдік әдебиет тәжірибесіндегі дәстүрді өз шығармашылығына арқау етіп, оқырманға жеткізуі үл­кен жетістік деп бағасын берді.

Ал ақын-жазушы Нұржан Қуантайұлы жазушының түр­­­кі­лер тарихын жақсы мең­гергендігін жеткізді. «Бір қа­йыры бар дүние» эсселер жинағында шығыстың көне сарындарын, Осман заманын, мұсылмандық кезеңдерді қазіргі уақытпен салыстыра отырып, ой түйіндейді. Мұндай қадамға екінің бірі бара бермейді. Мәлік Отар­баев бұл салада бесаспап ма­ман», деп атап өтті.

Ғалым-ұстаз Шәмша Бер­кімбаева Мәлік Отар­баев шығармаларымен «Ал­маты ақшамы», «Егемен Қазақ­стан» газеттері арқылы да танысып отыратындығын жеткізді. 

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»