• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2019

Темір жолдағы жөнсіздіктер

533 рет
көрсетілді

«Күлтөбенің басында күнде жиын» демекші, мәні жоқ басқосулар жергілікті жүк тасымалдаушыларды әбден ығыр еткен секілді.

«Қазтеміртранс» АҚ компаниясы директорының орынбасары Абзал Салықбаев жүк вагондарымен қамту мәселесіне қатысты есебінде 2018 жылы Солтүстік Қазақ­стан мен Ақ­мола облыстарынан 40830 ва­гонға тиел­ген 2 миллион 749 мың тонна астық тасы­мал­дан­ғанын, 116700 тонна ұн­ды жеткізу үшін 1896 вагон жалға берілгенін шаттана айтып, сөзінің аяғын резервте 14 мыңнан астам вагон бар деген секілді көтеріңкі леппен аяқ­­тағанымен, кәсіпкерлердің атқарылған істерден гөрі тол­ғақты проблемаларды шешудің ұтқыр жолдарын күткен үміті ақталмады. Биыл екі облыс бо­йын­ша 700 мың тонна жүк тасы­малданғанына қарамастан тауар өндірушілер делдал-опе­ратор «Еуротрансгрупп» ЖШС-ның қыз­­метіне жүгінуге мәжбүр. 

«СевЕсильЗерно» ЖШС-ның коммерциялық директоры Таи­сия Колегова делдалсыз жұмыс жүргізу жайынан арылу мәселесін тағы да көтерді. «Делдал-операторға тәуелділік салдарынан өнім бағасы қымбат, өзіндік құны жоғары. Мысалы, бір вагонды жалдау 771 мың теңгені құраса, астық жүк тиеушіге жеткенше 810 мың теңгеге шарықтап кетеді. Бюрократтық кедергілер бәсекелестікті тежеп отыр», деді ол.

Ескі және істен шыққан вагондар жайы да алаңдатады. Ұн, бидай тасымалына пайда­ла­ны­латын вагондардың 10 пайы­зының тозығы жеткен. 

«Еуротрансгрупп» серік­тес­ті­гінің өкілдері жұмған ауыздарын аш­пауларына қарағанда жағдайдың өзгермеуіне мүдделі секілді. Оны екінші мәрте өткен келіссөз барысында байқатып алды. Диқандарға делдалдық қызметтің жаңартылған, оңтайлы бағасын ұсынудың орнына жеке келісеміз деген шығарып салма жауаппен ғана шектелді. «Қазтеміртранс» компаниясына тікелей келісімшарт жасау мүм­кін­­діктерін қарастыру болмаса, оператор таңдау құқы­ғын иелену туралы ұсыныс айтыл­ғанымен бас­шылық тарапынан тиянақты жауап берілмеді.

Темір жолдағы түйткілді тү­й­ін­­дер қашан таратылып, нүк­те қойылары белгісіз.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Солтүстік Қазақстан облысы