• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2019

Студент қыз көп қабатты үйден секіріп, көз жұмды

1311 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 8 наурыз күні Петропавл қаласында болған.

 

Жұртшылық халықаралық әйелдер мерекесін тойлап жатқанда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзін-өзі өлімге қиған. Пушкин және Сүтішев көшелері қиылысында салынып жатқан көп қабатты үйдің ұшар басына шығып, төмен қарай құлдилай секірген. Сөйтіп, заматта ажал құшқан. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама жасалуда.

Жас қыздың өліміне қатысты әртүрлі жорамалдар айтылғанымен, ақиқатын заң орындары анықтайды. Жалған дүниемен қоштасарда қалдырған хаты жұмбақ жағдайларды ашуға септігін тигізіп қалуы әбден мүмкін.

Әзірге белгілісі, марқұмның «Серпін -2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оңтүстік жақтан теріскейға арман қуып келгені ғана.

Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы