Дзюдодан Марокконың Марракеш қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.
Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев өз мансабында тұңғыш рет Гран-при финалына дейін жеткен болатын. Ақтық сында қазақстандық спортшы германиялық Свен Хайнлдан "иппон" әдісімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Ерасыл Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды. Қажыбаев осыған дейін Ташкенттегі Grand Slam додасында үздік үштікке енген.
100 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күрескен Айбек Серікбаев австралиялық қарсыласына есе жіберіп, 5-ші орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Ерлан Серікжанов турнирдің қола жүлдесін иеленгенін хабарлаған болатынбыз.