• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2019

Қайта жүктеу: Алматы полициясының әйелдер кеңесі жаңа форматқа көшті

1102 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, онда әйелдер кеңесі форумының мәселелері бөлек қарастырылды. Әйелдер кеңесі функциясын жаңарту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

«Әйелдер полициясы кеңесі форумының жаңа мақсаттары мен міндеттері жаңа форматта талқыланды. Оның басты мақсаты полиция қызметкерлеріне салауатты өмір салтын насихаттау (мысалы, жүзу бассейні, теннис корттары, фитнес-залдар және басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары) сияқты міндеттерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасау, полиция қызметкерлері арасындағы мәдениетті арттыру (театрлар, мұражайлар, кітапханаларға бару), полиция қызметкерлерінің көпбалалы отбасыларына көңіл бөлу және көмек көрсету, патриотизм, әділеттілік пен адамгершілік рухына негізделген тәрбиелік жұмыстарды жүргізу, жаңа және бұрыннан жұмыс істейтін қызметкерлерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс лагерінде демалуды ұйымдастыру, қаржылық жағдайдың нашарлауына қаржылық көмек көрсету, жазушылармен, ардагерлермен, қоғам қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер, полиция қызметкерлерінің фотокөрмелерін өткізу, сондай-ақ, әйел қызметкерлердің өміріне қатысты шағын фильмдерді шығару, полицияның абыройы мен сенімділігін арттыру болып табылады», - деп хабарлады, Алматы қаласының ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков.