• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2019

Жердің маңынан ірі астероид ұшып өтеді

1032 рет
көрсетілді

EA2 ірі астероиды 22 наурызда (Астана уақыты бойынша таңғы 7.54-те) Жерге жақындайды. Аспан денесі ғаламшардан шамамен 305 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Бұл - жерден айға дейінгі қашықтықтан 80 мың шақырымға аз. Бұл туралы NASA америкалық ғарыш агенттігінің сайты жазды. 

Астероид секундына бес шақырым жылдамдықпен қозғалады. Оның диаметрі 30 метрге жуық. Айта кетейік, 2018 жылдың қыркүйегінде Жердің маңынан SP1 үлкен астероиды ұшып өткен болатын. Оның көлемі 70-тен 160 метрге дейін болған. Ол ғаламшарымыздан 5,87 миллион шақырым қашықтықта өтті.