• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2019

Халық пен биліктің арасын жақындататын құжат

219 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық­қа Жолдауында өркениет көшіне ілесудегі білімді қоғам, оның ішінде мұғалімнің мәртебесі мен еңбек­ақысы туралы келелі міндеттерді көтерді. Осы орайда мұғалімдердің білім сапасына талапты күшейту қажеттілігі туындайды.

Бүгінде мұғалімдердің ара­сында оқуды сырттай бітір­гендердің кездесетіні рас. Ал мұғалімнің жүктемесін азай­­ту мәселесін сөз еткенде 1993 жылы Жоғарғы Ке­ңе­с­­т­е білім беру туралы бірін­ші заң қабылданып, біз­дің ұсынысымызбен мұға­лім­дердің апталық жүктемесі 18 са­ғаттан 14 сағатқа, ал мек­­­­теп­ке дейінгі балабақ­ша­лар қызметкерлерінің жүк­темесі 24 сағаттан 20 сағатқа дейін қысқартылған болатын. Осы тәжірибені пайда­лана отырып, үнемделген уақыт­ты шығармашылық әрі әдіс­темелік дайындыққа бағыт­тау­дың әлеуеті зор. Ал жаңа технологияларды игеру білім сапасын арттыруға молынан мүмкіндік береді.

Басты құжатта жеріміз­дің шетелдіктерге сатылмай­тын­дығы және осы тұрғыдағы артық әңгімелерге тосқауыл қою қажеттілігі де жайдан-жай айтылған жоқ. Осы тұста мә­се­лені шешу тетіктері қа­лай жүзеге асады деген сауал­­ға жауап іздей келе жер­ді сатуға 5 жыл морато­рий жа­­­рия­­ланғанымен де оның заң­мен нақты шегелен­беген­ді­гін айтар едім. Артық-ауыс әң­гімелердің туындап отыр­ғаны да осының салдары. Сон­­дықтан да Жер кодексінде «жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға берілмейді және жергілікті тұрғындарға да сатылмайды, тек жалға беріледі» деген мазмұндағы өзгерістер енгізіліп, заңмен шешілгені абзал. Ал жерді тиімді пайдалану мәселесіне тоқталатын болсақ, Алматы шеңберінде 50-100 шақырым жерлердің иесі кім екендігіне тиімді-тиімсіз пайдаланып жатқандығына арнайы сараптама жүргізсек, латуфиндистерді сол тұста анықтаған болар едік. Ал қа­зақтың коды жер десек ар­тық айтқандық болмайды. Осы тұста 2016 жылы Үкі­метке «Тың жерді игеру ар­қылы қа­зақ елін жаңа белес­ке көтеру (Қазақ өрісі)» маз­мұнында жолданған жоба-хаты­мызға әлі күнге тұшымды жауап болмағанын айта кеткім келіп отыр. Ал оның барысын­да жұ­­мыссыз жастарды жұмыс­пен қамтудың тиімді тұстары кел­тірілген болатын.

Ал Жолдауда айтылған мемлекеттік қызметкерлерді 25 пайызға қысқарту орынды мәселе. Кезінде мемлекеттік қыз­меткерлерді 30 пайызға қысқарту туралы ұсыныс айт­қан­дардың бірі ретінде да­мы­ған елдер тәжірибесінде бас­қару деңгейлері аз болған жағд­айда басқарудың тиімді бола­тын­дығына назар аудар­ған едім. Мысалы, шетелдер­де 6-7 деңгейге дейін тиім­ді са­налады. Ал біз көп дең­гей­лі басқарумен әуестеніп кет­тік те, көрсеткіш 12-13 дең­гей­ге жетті. Оның сыртын­да басқа облыстар да бар. Тиім­ді басқару жүйесінде бі­рін­шіден, мемлекеттік шы­ғын­ды 15-20 пайызға, көп дең­­гейлі биліктің аппаратын кем дегенде 20-30 пайызға қы­сқарт­қан жөн. Ысырапсыз, шы­ғын­­дарды барлық деңгейде азай­тып, үнемделген миллиард қаражатты руханият пен əлеуметтік салаға бөл­ген дұрыс. Ал екіншіден, бі­­лік­ті, кəсіби мамандар даяр­­­лау бағдарламасын жа­сап, әсіресе инженер-тех­но­­лог­­­тар­ды оқыту саясатын қол­ға алу қажет. Үшін­шіден, Қа­­зақ­станда сыбай­лас жем­қор­лықтың тамырына бал­та шабылмайынша мил­лиард­таған қаржы құрдымға сің­гендей қалталарға құйыла бе­ретіні сөзсіз. Төртіншіден, қар­жы-салық жүйесін жаңаша рет­теу керек: байларға салық көр­сеткішін еселеп көбейтіп, ал кіші кəсіпке жеңілдік жа­­сау керек. Бесіншіден, Қазақ­станда демократиялық үде­рі­стер іске асып, мемлекет­тің саяси мақ­саттары өте нақ­ты әрі се­німді болуы қажет. Мə­се­лені түбегейлі шешу үшін да­мы­ған елдердің тəжі­ри­бесі­мен қазақтың мента­ли­­тетін үй­лес­тіре отырып мем­лекеті­міз­ге саяси, əлеуметтік, эко­но­ми­калық, рухани, ғылы­ми-техни­калық, яғни түбе­гей­лі модернизация жасау қа­жеттілігі тұр.

Ал бейбіт шеруге шығу мә­се­лесіне, жалпы демо­кра­тияға Президент тағы да бір қадам жасады. Бұл жерде адам құқығы, сөз бостандығы, ой пікірлерін ашық айту туралы айтылды. Ең маңыздысы – қо­ғамдық пікірлерді тал­қы­лау арқылы билікке жет­кізу. Ашығын айту керек, әкім­дер мен министрлердің халық­пен арасы алыстап барады. Президенттің айтуынша, егер халықтың 30 пайызы биліктің басқару жүйесіне теріс баға­сын берсе, ондай әкімшілік жү­йесімен жұмыс істеуге бо­лмайды. Жалпы әкімдер мен министрлердің саяси-ең­бек тиімділігін бағалау өл­шем­дері керек. Оның ішін­де әкімдердің қоғаммен, қо­ғам­дық ұйымдармен тиім­ді жұ­мыс істеуі, ғылым мен ин­­но­­ва­цияға аса мән беруі, де­не­­­шынықтырумен қоса жер­­гі­лікті халық денсау­лы­­ғын жақ­сартуы, шағын кәсіпкерліктің, сыбайлас жемқор­лық­тың дең­гейі, т.б. болу керек.

2020 жылдан бастап шағын кәсіпкерлікті 3 жылға дейін тексеру­ді тоқтату ұсынысы өте құптар­лық мәселе. Ол үшін «Кіші ин­новациялық бизнес» туралы заң қабылдануы тиіс. Бұл жерде айта кететін жағдай, кіші инновациялық бизнесті дамытсақ, жаңалықтың бәрі осы салада жатыр. Ал осыған орай заң жобасын Парламент депутаттарына ұсынған едік.

Дағдарыс жағдайында эко­номиканың терең транс­формацияға душар болатыны анық десек, ал оның өсу өзегі шағын кәсіпкерлікті үде­мелі да­мыту екені анық. Қа­зір бізде оның жалпыұлттық өнімдегі үлесі 20-25 пайыз. Ал дамыған шетелдерде 50-70 пайызға дейін. Оларда жұмыс орындары 70-80 пайыз шағын кәсіпкерлікпен қамтамасыз етілген. Салааралық құрылым бойынша бізде кіші кәсіптің дені саудада 42 пайызға де­йін. Өкінішке қарай, ша­ғын кәсіпкерліктің үлесі өнді­ріс­те, машина жасауда 3-4, әлеу­меттік салада 2-3 пайыз ғана. Пайдаланба­ған мүмкін­ді­гі­міз­дің өте мол екен­­дігін осы­дан-ақ білуге бо­­ла­ды. «Шағын кәсіпкерлік – біздің эко­но­­ми­камыздың арбасын өрге сүй­рейтін өгіз». Ал онымен айна­лысқандарды 1-2 жыл са­лық­тан босатып, табысына қа­рай біртіндеп салықты көбей­ту­м­ен қатар несие саясатын да 3-5 пайызға төмендету қажет.

Жолдауда айтылған мемле­кет­тік компаниялардың тиімді жұмыс істеу мәселесінде реформаны «Самұрық-Қазынадан» бастап диверсификация жа­саған жөн. Әйтпесе бұл компания мемлекет ішіндегі мем­лекет­ке айналып кетті. Ал­дағы уақытта Қазақстанның брен­ді мал өнімдері мен бидай бо­луы тиіс. Осы салаларға инвес­ти­ция құйып, аса мән берген жөн.

Құқық қорғау саласындағы мә­селелерде, әсіресе сот жүйе­сінің сапасын күшейту керек. Жалпы реформада, алдағы уақытта жергілікті жердегі соттарды халық сайлауы тиіс әрі саяси-демократиялық кезең басталуы керек. Жұмысын жаңа бастап жатқан Президент жанындағы Ұлттық кеңес осы мәселелерге басты мән бер­гені абзал. Математикада беріл­ген есептің түбірі біреу бол­ғанымен оны шешудің әдіс-тәсіл­дері әрқилы. Ал есептің тү­біріне қандай жолмен жете­сің, сол тиімдісі болмақ. Билік жүйесіне мемлекеттік дең­гейде есеп қойылып, нәтижесі халықтың әл-ауқа­тын, өмір сүру деңгейін көтеруге ба­ғытталды. Ал Пре­зи­дент Жол­дауы халық пен билік­тің арасын жақындатуға бас­та­ған қадамға айналатыны анық.

Оразалы СӘБДЕН, Қазақстан Республикасы ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы