Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Бұл туралы Президент Твиттердегі парақшасында жазды.
«Ереванда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен достық кездесу өтті. Оның екіжақты байланыстарымызды дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймын. Бірлескен жұмыстарымыз Қазақстан мен Беларусьтің ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге ықпал ете береді деп сенемін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.