«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» халықаралық консорциумы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа өндірістік объектіні – 5-ші ішкі кәсіптік құбырын іске қосты. Осылайша Қарашығанақ кен орнындағы өндіру текшесін ұзарту жобаларының бүтін кешенін іске асырудың тағы бір кезеңі аяқталды. Сұйық көмірсутекті өндіру деңгейін ұлғайту жұмысы бір күн де тоқтаған емес.
Кен орнының тарихы. 2019 жыл кен орны ашылуының 40 жылдығын атап өтумен де белгілі, ол қазақ мұнай-газ өнеркәсібінің жылнамасына алтын әріптермен мәңгіге жазылды. Бүгінде Қарашығанақ, ең алдымен орасан зор инвестициялар, көмірсутекті шикізат өндірудің рекордтық деңгейлері, инновациялық технологиялар, мыңдаған жұмыс орындар, сондай-ақ әлемдік стандарттар деңгейіндегі әлеуметтік жауапкершілікпен ассоциацияланады.
Биылғы жыл кен орны үшін қос мерейтойға байланысты айрықша ерекшеленеді – Қарашығанақтың қырық жылдығынан бөлек, мұнайшылар қазақ мұнайының 120 жылдығын тойлайды. Тығыз байланысқан осы екі атаулы күн еліміздің мұнай-газ кешенінің тарихындағы елеулі кезеңдері. Өйткені дәл осы мұнай-газ саласы ұлттық экономиканың негізін құраушы бағыты, оның алдағы өсуінің драйвері, тұрақтылығының негізі және республиканың жүйелі дамуы болып отыр және солай болып қала бермек.
Өндіру, қайта өңдеу, мұнай және газ экспорты ІЖӨ, бюджеттік кірістердің елеулі бөлігін, демек, әлеуметтік инфрақұрылымның позитивтік қайта құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл Қарашығанақтың қырық жылдық өмірін растайды.
Қарашығанақтың жаңа тарихының бастауы Орал маңында бірегей мұнай-газ конденсатының ашылуына септігін тигізген геологиялық және іздестіру жұмыстары кеңінен етек жайған ХХ жүзжылдықтың жетпісінші жылдарынан басталады. Оны игерудің өзі жай емес, өндірудің күрделі технологиясымен, қатты жыныстармен және шикізатта күкірт қышқылының болуымен, сондай-ақ даланың қатаң климатымен байланысты болды.
1984 жылы Қарашығанақты өндірістік пайдалану кезеңі басталды. Ол кезде өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы көптеген объекті іске қосылды. 1990 жылға дейін кен орнындағы өңдеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілді. Шикізат Орынбор мұнай өңдеу зауытына келіп түсетін. Алайда, Кеңестер Одағының ыдырауы жобаның дамуына едәуір өзгеріс енгізді. Қарашығанақ инвестицияларға, заманауи озық технологияларға және шетелдік тәжірибелі серіктестіктерге аса мұқтаж еді.
1997 жылдың қарашасында Қарашығанақ бойынша өнімді бөлу туралы соңғы келісімге қол қойылды. Консорциум бойынша серіктестер кәсіпті әлемдік стандарттар деңгейіне дейін жаңғырту және қайта жабдықтауды өздеріне мақсат етіп қойды. Бұл міндетті ойдағыдай орындап шықты.
Сарапшылардың бағалауынша өткен онжылдықтарда Қарашығанақ өте жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі Қарашығанақ – тұрақты даму принципі бойынша жұмыс істейтін, әлеуметтік-жауапты жобаны іске асырушы мыңдаған қазақ мамандары еңбек ететін әлемдік деңгейдегі аса жоғары технологиялық өндіріс.
Бүгінде Қарашығанақ өндіру динамикасы және өндіру көлемі бойынша еліміздегі көшбасшы орындарды иеленіп отыр және Батыс Қазақстанның ғана емес, бүкіл ел бойынша экономиканың дамуына орасан зор үлесін қосып келеді. Жоба бойынша серіктестер, Қарашығанақ акционерлері барлық мемлекеттік бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді, мемлекеттік бағдарламаларға атсалысып, аймақтағы жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыруда.
Орал маңында Қарашығанақты өңірдің басты байлығы деп атайды. Оны игеру аймақ экономикасының өсуіне септігін тигізетін маңызды фактор. Әлеуметтік-жауапты компания болғандықтан, ҚПО облыстың индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ете отырып, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жергілікті жеткізушілерді тартуда.
Қарашығанақ кен орны 40 жылдан бері игеріліп келеді. Кен орнындағы жұмыс еш тоқтаған емес. Қызмет ауқымы тек қана ұлғаюда, бұған Қарашығанақтағы кеңейту және өндіру текшесін ұзарту жобаларын іске асыру аясында жүргізіліп отырған жұмыс дәлел. Мұның бәрі сұйық көмірсутегін өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз жоба акционерлеріне де, еліміз үшін де қосымша табыс.
Қарашығанақ бойынша өнімді бөлу туралы соңғы келісімге қол қойылған күннен бастап Қазақстан Республикасы салық және бюджетке басқа да түсімдер түрінде 17 млрд астам доллар табыс тапты. Алайда, осы инвестициялардың материалдық емес қыры да бар. Өткен онжылдықтар ішінде Қарашығанақта көптеген қазақстандық мұнайшы-мамандар, өзінің бәсекеге қабілеттілігін көтерген жүздеген отандық компаниялар толқыны өсіп шықты және олар бүгінде Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты сұраныстағы жобалармен жоғары технологиялық өнім шығаруда.
Қарашығанақ басшылығы жобаға қазақстандық қатысуды белсенді өсіріп келеді. Жергілікті қамту бағдарламасының мақсаты толығымен ұлттық индустрияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және ірі мұнай-газ жобаларына қазақстандық компаниялардың қатысуын арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасының бастамасымен сәйкес келеді.
Компанияның кез келген қадамы өндірісті жаңғыртуға немесе кеңейтуге бағытталған, мұқият экологиялық сараптамадан өтеді. Бүгінде газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,94%-ды құрайды. ҚПО қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиясы «жасыл экономика» мақсаттарына толық сәйкес келеді. Жасыл экономикаға ауысуды Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі деп атап өткен. 40 жылдық мерейтой – үлкен өмір жолындағы кезеңдердің бір ғана межесі. Алда – Қарашығанақ жобасын кеңейтуге бағытталған үлкен мүмкіндіктер және аймақтың әрі қарай тұрақты дамуы. ҚПО Қазақстан Республикасының, Қарашығанақ жобасы бойынша жергілікті қауымдастық пен серіктестердің игілігі үшін жаңа өндірістік асуларға ұмтылуды жалғастырады.
Арман ҚұсайЫнов