Шеньчжэнде (Қытай) халықаралық жүзу федерациясының (FINA) екінші кезеңі аясында Champions Swim Series жарысы басталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:00.55 уақытта жүзіп өтті. Жарыс нәтижесінде, Арно Камминга (Нидерланды) 58.61 уақытта бағындырып, жеңімпаз атанды. 59.02 нәтижесімен күмісті Зибей Ян жеңіп алды.
Бүгін, 15 қаңтар күні Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі. Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено қатысады.