Казгидромет 16-18 қаңтарға арналған болжамында елімізде ауа райында күрт өзгерістер күтілмейтінін хабарлады.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді. Сондықтан көптеген облыстарда кей уақыттарда қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3-8°С-қа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады» делінген Казгидромет таратқан ақпаратта.