• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Ақпан, 2020

Жұмбақ жануардың қаңқасы жұртты елең еткізді

1005 рет
көрсетілді

Шотландияның солтүстік-шығысында «Сиара» дауылы болып, теңіз жағалауында жұмбақ тіршілік иесінің қаңқасы пайда болды деп хабарлады РИА Новости.

Қалдықтар Абердиншир аумағындағы жағалаудан 9 ақпанда табылған. Сол күні өңірде сағатына 144 шақырым жел мен нөсер жауын болған.

Жарияланған сурттердің алдыңғы бөлігінде шығыңқы мүйізі бар, ұзын жылан қаңқасы көрсетілген. Әлеуметтік желідегілер мұның қай жануарға тиесілі екенін анықтауға кірісіп кеткен. Кейбіреулер мұны кит пен косатканың қаңқасы десе, енді бірі бұл сүйектер акулаға тиесілі екенін айтып жатыр.

Теңіз биологиясы мамандары әзірге бұл қалдықтар туралы нақты ақпарат берген жоқ.

«Өкінішке қарай, бір фотосуретке қарап біз мұның киттің бір түрі деп айта аламыз. Мұның нақты не екенін анықтау үшін бізге басқа ракурстан суреттер керек» дейді Абердинкий университетінің маманы Дэвид Лусо. 

 

Фото: twitter.com/onfirecatering

Соңғы жаңалықтар