• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Наурыз, 2020

Коронавирус: Диснейленд жұмысын тоқтатты

174 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына байланысты Калифорния штатында Диснейленд жабылды. Бұл туралы The New York Times басылымы Walt Disney компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Саябақтар наурыздың 13-і, яғни бүгін Walt Disney компаниясы жұмысын тоқтатпақ.

Ал 16 наурыз күні Диснейленд аумағындағы барлық қонақ үйлер де айдың соңына дейін жабылатын болады. Ал алдын ала брон жасап қойғандарға ақша қайтарылады.

Сонымен қатар Princess Cruises компаниясы өз лайнерлерін екі айдай сапарға шығармайтын болды. Компания президенті Ян Шварцтың айтуынша, су көліктері мамырдың 11-інен бастап жолға шығатын болады.

Естеріңізге салайық, жуырда Princess Cruises компаниясының Grand Princess пен Diamond Princess атты екі лайнерінде коронавирус табылып, карантинге жабылған болатын.

Соңғы жаңалықтар