Қазақстандағы 2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді, Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.
Нұр-Сұлтан қаласында – 184,Алматы қаласында – 84,Қызылорда облысы – 25,Атырау облысы – 16,Ақмола облысы – 16,
Қарағанды облысы – 14,
Алматы облысы – 9,Түркістан облысы – 5,Ақтөбе облысы – 4,
Жамбыл облысы – 3,СҚО – 3,Шымкент қаласында – 3,ШҚО – 2,БҚО – 2,Павлодар облысы – 1,Маңғыстау облысы – 1.