• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Жезқазғанда жеті адам өрттен құтқарылды

145 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіруші-құтқарушы топ кәсіби тұрғыда сауатты әрекет етті, деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар алдымен үйдің жоғарғы қабаттарынан адамдарды тысқа шығару үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрған. Одан кейін тұрғындарды баспалдақпен кіреберіс арқылы құтқаруға және эвакуациялауға кірісіпті. Сондай-ақ,  құтқарушылар үйді электр энергиясынан ажыратып және өртті сөндіруге су беру үшін жұмыс желілерін төсеген.

Өрттің салдарынан кіреберіс іші түтіннен көрінбей кеткен екен және ондағы температура да өте жоғары болыпты. Осының бәрі пәтердің жоғарғы қабаттарында тұратын адамдардың өміріне үлкен қауіп төндірген.

Дегенмен, өрт сөндіруші-құтқарушы топтың жедел және кәсіби тұрғыдағы сауатты іс-қимылының нәтижесінде үйдің жоғары қабаттарында тұратын жеті адам құтқарылды.  Олардың арасында бір бала бар. Сонымен қатар өрт болған кіреберістің тұрғындары аман-есен  сыртқа эвакуацияланған.

Кейін белгілі болғандай, өрт төртінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде болған. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

 

 

Қарағанды облысы