• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Маусым, 2020

76 су шаруашылығы нысаны іске қосылады

796 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурс­тар комитеті «Қазсушар» РМК-ның дерегі бойынша Қазақстанда құны 149 млрд теңгені құрайтын 76 жаңа су шаруашылығы нысаны іске қосылады, 46 нысанның құрылысы республикалық бюджеттің есебінен жүзеге аспақ, оның жалпы құны 79 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ Еуропалық даму және қайта құру банкі мен Ислам даму банкінің заемы арқылы 30 нысан пайдалануға берілмек.

«Қазсушар» РМК-ның жар­ғы­лық капиталын ұл­ғайту мақ­са­ты­нда 2016 жылдан бе­рі елі­міз­дің 9 облысы (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстары) бойынша апатты жағдайдағы 20 гидротехникалық нысан қайта жөнделуде. 2016-2019 жылдары аралығында 11 нысан пайдалануға берілді. Қалған 9-ы биыл іске қосылмақ (Павлодар облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Алматы облысы – 1, Түркістан облысы – 1 және Қостанай облысы 1 жоба). Сондай-ақ 2021 жылдың соңына дейін Павлодар мен Ақтөбе облыстарында тұрақты және милеративті суару жүйесі бо­йынша 21 жоба пайдалануға берілу жоспарлануда.

 Жұмыспен қамту жол картасы аясында бюджеттің есебінен 16 жоба жүзеге аспақ. Оның жалпы құны – 32,2 млрд теңге. Биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 16 нысанның 11-і пайдалануға берілмек. Қалған 5 жоба 2021-2022 жылдары аяқталады.

 Еуропалық даму және қайта құру банкінің заемдары аясында Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстары бойынша 24 келісімшарт жүзеге асырылады. Олардың жалпы сомасы – 59 млрд теңге.

 Ислам даму банкінің заемдары негізінде Алматы және Түркістан облыстарында 6 жоба жүзеге асырылады. Оның жалпы құны – 44 млрд теңге.

 Жалпы, құрылысы жүргізіліп жатқан 24 нысанда 314 техника, 705 жұмысшы мен инженерлік-техникалық қызметкер жұ­мыл­ды­рылған. Оның 453-і  – жергілікті тұрғын.

Су шаруашылығы нысан­да­рын­да­ғы қайта жөндеу мен жаңарту жұмыстары келесідей нәтиже бермек: Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы аумағы 155 мың гектар, құны 134,8 млрд теңге болатын жердегі суландыру жүйелерін қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ апатты жағдайда тұрған 20 су қоймасы мен гидротехникалық нысанды қалыпқа келтіреді. Олар негізінен төтенше жағдай орын ала қалған кезде қауіптің бетін сейілтуге арналған. Су бөгеттері 299 601 адам тұратын 40 елді мекенді қорғап, су деңгейін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жинақталған және реттелетін судың көлемі артады.