Біз Президент айтқан, мектептерде экологиялық білім беру қажеттігін қолдаймыз. Балаларға кішкентай кезінен табиғатты қорғауды үйрету керек.
Сонымен қатар табиғатты қорғау полициясына көп қызметкерлерді тартып, әкімшілік айыппұлдарды қатайту керек, рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке көбірек тартып, қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрақты шығаруды жолға қою қажет. Ақтөбеде бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Қоқыс полигонындағы мәселелер өте көп, пластиктерді қайта өңдеудің орнына көміп тастайды. Бізде пластиктерді де, шыныларды да қайта өңдейтін зауыттар жоқ. Мысалы, Еуропада адамдар ақшаға бөтелке, пакеттерді өткізіп, тауарларға жеңілдік алады. Олар осы арқылы экологияны жақсартуға көмектесіп жатқанын түсінеді. Батыста қайта өңделетін шикізат қабылдайтын арнайы автоматтар бар. Әлемде мұндай инновациялар өте көп, осыларды біздің елге де енгізу керек.
Евгений Лазарчук,
«Актобе, дыши!» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы,
экоамбассадор