• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2020

Заңсыз айналымнан 10 млн дәрілік зат пен медициналық бұйым алынды

225 рет
көрсетілді

Медициналық фармацевтикалық бақылау комитеті өңірлердегі көтерме-дистрибьюторларда, бөлшек саудада неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттардың медициналық бұйымдардың болуына мониторингті тұрақты негізде жүргізіп отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Мониторинг нәтижелерін талдау ағымдағы жылдың 15 шілдеден 9 қарашаға дейін көтерме сауда қоймалар мен дәріханаларда антибиотиктер 3,9 есе, вирусқа қарсы препараттар 3,2 есе, антикоагулянттар 32 еседен астам, маскалар 2,3 есе және т.б. дәрілік заттар қорының өсуін көрсетеді. Бүгінгі күні дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар жеткілікті. Мониторинг топтармен 1640-тан астам дәріханалар қамтылып, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 199 атауы анықталды. Ағымдағы жылдың 15 шілдеден 9 қарашаға дейін 174 млн теңгеге шекті бағаның артуының 876 фактысы, 39,4 млн теңгеге дәрілік заттардың заңсыз өткізу 347 фактысы анықталды. 1223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн теңгеге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 млн дәрілік заттар мен медициналық бұймдар алынды", деді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы.