• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2020

Елордалық ерлер құрамасы асық атудан төрт дүркін ел чемпионы атанды

199 рет
көрсетілді

Ересектер арасында онлайн өткен чемпионатта елордалық ерлер құрамасы «Асық атудан» бірінші орынға қол жеткізді.

 

Осылайша Әділхан Жұмағұлов, Мырзамұрат Қайыпбеков, Нұрқанат Молжігітов бастаған ерлер құрамасы төртінші рет өздерінің чемпиондық атағын сақтап қалды. Екінші орынды Түркістан облысы иеленсе, үшінші орынға Ақмола облысы қол жеткізді.

Ал елордалық қыздар командасы «Бес асық» бойынша 2 орынды иеленді. Топ құрамында Анаргүл Ходжаниязова, Айжан Серікова, Ұлжалғас Худайбердиева өнер көрсетті. Олар Қостанай облысының спортшыларына есе жіберіп, СҚО спортшыларынан басым түсті.

5-9 қараша аралығында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына  12 команда қатысты. Атап айтсақ, Жамбыл, БҚО, СҚО, Қостанай, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақмола,Түркістан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласының спортшыларынан құралған командалар бақ сынады.  

Айта кетсек, жалпы елордада 300-ге жуық адам  асық ату спорт түрімен айналысады. Олардың ішінде мектеп оқушыларымен қатар ересектер де бар.