Пандемия жағдайында ведомство оқу бағасының өспеуін қамтамасыз етті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев осылай деді.
«Қашықтан оқытуға көшкенімен, педагогикалық жүктеме өзгерген жоқ. Оқушылар саны азайған жоқ. Бәрі еңбекақы алып жатыр, студенттер оқып жүр. Сондай-ақ, ЖОО-лар коммуналдық төлемдер төлейді. Шығындар бар, олар кеміген жоқ. Әрбір ЖОО наурыз айынан бастап қашықтан оқыту технологиясына өткендіктен серверлік құрал-жабдықтар алып жатыр, интернет каналдарын ұлғайту бойынша жұмыстарды іске асыруда. Бұл да қомақты қаржыны қажет етеді», - деді Ә. Тойбаев журналистің сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, шетелдік ЖОО-лар қосымша шығындардың болуына орай оқу бағасын керісінше көбейтіп, виртуалды курстар, виртуалды зертханалар ашып жатыр.