Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кореяда қайтыс болған қазақстандықтың денесін апаттан кейін бірден Қазақстанға жеткізе алмайтынын түсіндірді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәселе бірінші күннен бастап Қазақстан елшілігінің бақылауында екенін атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Кеше шештік. Отандасымыздың денесі қазір Қазақстанда, таңертең Алматыға келді. Бүгін түстен кейін Шымкентте болады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында аптасына бір ғана әуе рейсі бар. Дипломаттар марқұмның туыстарымен үнемі байланыста болды", - деп түсіндірді министрліктің ресми өкілі.