• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Елбасы 11 Қараша, 2020

Кейбір күштер этникалық мәселелерді жеке мақсаттарына пайдаланғысы келеді

211 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Жақын арада біз Парламент мәжілісінің жаңа құрамын сайлауға кірісейік деп отырмыз. Парламентке ең лайықты деген адамдар өту тиіс. Сол үшін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізді. Қатысам дегендердің барлығы қатысты, өз пікірлерін айтты. Ол пікірлер жиналды. Оның пайдасы зор болады деп санаймын. Алайда кейбір күштердің ара-тұра этникалық мәселелерді өз жеке мақсаттарына пайдалану пиғылы бар екендігін де ұмытпау керек. Цифрлық технологияларды теріс ойлы адамдардың қоғам мүддесіне қарсы қолдануы да жиілеп бара жатқаны да рас", - деді ҚР Тұңғыш Президенті.