• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Елордада қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүретін болады

142 рет
көрсетілді

Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимдегі жұмыс кестесіне оралады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2 ақпанда күшіне енген жаңа қаулысына сәйкес елордада автобустар жексенбі күні де жүреді.

«Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын қамтамасыз ету (шұғыл уақытта автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушылар үшін антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып қамтамасыз ету», делінген қаулыда.