• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Ақпан, 2021

Жеңіл атлетикадан елорда чемпионаты «QAZAQSTAN» кешенінде өтеді

144 рет
көрсетілді

12-13 ақпан аралығында жаңа салынған «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Nur-Sultan Open 2021» ашық қала чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жарыс жаңа кешен қабырғасындағы алғашқы спорттық іс-шара болмақ. Чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 100-ден астам спортшы қатысады.

Іс-шара санитарлық нормалар толығымен сақтала отырып өтеді.

Еске сала кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған, барлық халықаралық талаптарға сай және World Atletics сертификатына ие болып саналады.