• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Ақпан, 2021

«Парасат жолы» жобасының таныстырылымы өтті

1095 рет
көрсетілді

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Мәдениет және спорт министрлігінің «Парасат жолы» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Орталықтарды ашудың мақсаты – ғылыми, шығармашылық интеллигенция және дін өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету. «Парасат жолы» орталықтары ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, жастардың кездесулері үшін диалог алаңына айналады. Сондай-ақ, осы алаңда тікелей эфирлер өткізілетін болады.

Айта кету керек, Елордада «Парасат жолы» орталығы 8 қаңтарда Ұлттық академиялық кітапхана базасында ашылған болатын. Елордалық тәжірибені өңірлерге тарату мақсатында бүгін Қазақстанның барлық облыстық, қалалық және аудандық кітапханаларында, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік орталықтар іске қосылды.