• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Антисептиктен уланған 17 жасар бойжеткен көз жұмды

251 рет
көрсетілді

Павлодарда арнайы орталықтың үш шәкірті антисептик ішіп, уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оның біреуі қайтыс болды. Олар облыс орталығындағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықта тұрған екен. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, науқас ауруханаға ауыр халде түсіп, емдеу мекемесінде тілге келместен қайтыс болған. Қалған екі қыз баланың жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдарының мамандары анықтап жатыр. 

«Қыз балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қарқынды терапия тағайындалды, ем-дом шаралары бір жарым сағат бойы жүргізілді. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бойжеткен антисептикті көп көлемде ішіп қойған», дейді Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.