• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

МӘМС: Нұр-Сұлтан қаласында 2, 2 млрд теңгеден аса жарна аударылды

166 рет
көрсетілді

Елордалықтар 2021 жылдың қаңтар айында медициналық сақтандыру үшін  2,2 млрд теңгеден аса жарна аударды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 29 қаңтары аралығында медициналық сақтандыру үшін  жинақталған жарнаның жалпы сомасы 60 млрд теңгеден асады.

«Осы жылдың қаңтар айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 2,2 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде 1,3 млрд теңге – жұмыс берушілер аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден 9 млн теңгеден аса жарна түскен. Сонымен бірге, 2021 жылдың 29 қаңтарындағы жағдай бойынша 6 158 адам бірыңғай жиынтық төлем бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен барлық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Сондықтан азаматтарды мобильді қосымшаларда өз деректерін тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қордың елордалық филиалына хабарлауға шақырамыз. Сондай-ақ, 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы байланысуға болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеледі.

Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға жіберіледі.