• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Қызылордада 180 мың теңгеге зейнетақы ресімдеп бермек болған алаяқ ұсталды

338 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеп берууге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 35 жастағы тұрғынын құрықтады. Ол облыс тұрғынына мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен.

Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, оған 180 мың теңге көлемінде қаражат төлеген. Өзінің айла-амалдары мен жоспарларын жүзеге асыру мақсатында күдікті азаматша оған әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінің қызметкері екенін айтқан.

Қазіргі таңда күдікті азаматшаның алаяқтықтың бұдан басқа да екі дерегіне қатыстылығы анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аида ОРАЛБЕК