• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Ақпан, 2021

Қазақстан мен Қырғызстан СІМ-аралық консультациялар өткізді

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Нуран Ниязалиевтің деңгейінде саяси консультациялар өтті.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылы бойынша пікірлер алмасылды.

Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы сапарлардың кестесі егжей-тегжейлі қаралды. Ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын кеңейту және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық пен тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік тұрғыда екіжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.