Чарльз Диккенс
«Жанып тұрған шамның жанында әрдайым шыбын-шіркейлер үйіріліп жүреді, бірақ бұған шам кінәлі ме?»
* * *
Диккенс гипнозға қызығатын, яғни сол кездегідей айтсақ, месмеризмді ұнататын.
* * *
Оның сүйікті ісінің бірі – Париждегі мәйітхананы аралау болды.
* * *
Чарльз Диккенс әрдайым басын солтүстікке қаратып ұйықтапты. Сондай-ақ шығарма жазғанда да солтүстікке қарап отырған.
Оскар Уайльд
«Мен мәнсіз бірдеңелер айтқанды жақсы көремін – өйткені соны ғана жақсы меңгергенмін».
* * *
Оскар Уайльд Диккенстің шығармаларын менсінбепті һәм кез келген себеппен оны мазақ етуге дайын тұрыпты. Жалпы, Чарльз Диккенстің заманауи сыншылары оның ешқашан британдық үздік жазушылар тізіміне кірмейтініне анық сеніпті деседі.
* * *
Ол 1878 жылы Оксфордты қызыл дипломмен бітірген.
* * *
Уайльд өте ерекше және экстравагант адам болыпты. Екі жыл түрмеде отырған. Оскарды содомия үшін айыптаған.
* * *
Өмірінің соңында Уайльд бір себептермен атын Себастьян Мельмот деп өзгертеді.
Эрнест Хемингуэй
«Шынында да батыл адамдарға дуэльде тартысудың қажеті жоқ, бірақ көптеген қорқақтар мұны үнемі өз ерліктеріне сендіру үшін жасайды».
* * *
Хемингуэйді көбінесе тек маскүнем және өз-өзіне қол салған адам ретінде танимыз. Алайда, бұл жазушының бар ақиқаты емес. Ол сондай-ақ пейрафобиямен (көпшілік алдында сөйлеу қорқынышы) ауырды. Һәм жазушы ешқашан өзінің шынайы оқырмандары мен жанкүйерлерінің мақтауына сенбепті. Тіпті өз достарына да сенбеген.
* * *
Оны кейде жолы болғыш адам ба деп ойлайсың: неге десеңіз, Хемингуэй бес соғыстан, төрт жол апатынан және екі әуе апатынан аман қалған.
* * *
Хемингуэй өзінің соңынан ФБР бақылап жүргенін біліпті. Бірақ айналасындағылар бұған иланбапты. Кейін ашық құжаттардан мұның паранойя емес екені, автор шынымен де қадағалауда болғаны анықталады.
Льюис Кэрролл
«Біздің әлемдегі барлық адамдардың есі ауысқан».
* * *
Жеке күнделіктерінде Кэрролл белгісіз бір күнәға үнемі өкінеді. Алайда бұл парақтарды жазушының отбасы имиджіне нұқсан келтірмеу үшін әдейі жойып жіберген. Кейбір зерттеушілер, Кэрролл іздеуде жүрген Джек Риппер (сериялы кісі өлтіруші) болған деп есептейді.
* * *
Ол батпақты безгектен, циститтен, люмбагодан, экземадан, фурункулездан, артриттен, плевриттен, ревматизмнен, ұйқысыздықтан, т.б. аурулардан зардап шеккен. Сондай-ақ оның басы үнемі қатты ауыратын.
* * *
Кэрролл үш дөңгелекті велосипедті, атаулар мен даталарды есте сақтауға арналған мнемикалық жүйені және электр қаламды ойлап тапқан.
Франц Кафка
«Өтірік айтуға сылтау аз болғанда емес, өтірік аз айтқан уақытта өтірік аз айтылады».
* * *
Ол кеңсе қызметкері болып жұмыс істеді. Заманауи идеяларға сәйкес, автор әдеттегі жұмысына берілген һәм жолы болмаған кеңсе планктонына айналған.
* * *
Франц Кафканың атасы – кошер қасапшы еді. Ал өзі вегетариан болды.
* * *
Өзінің бар өмірінде автор көпшіліктің назарына ілінбеген бірнеше әңгімесін ғана жариялай алды. Ол өлер алдында шартты түрде өсиетін алған Макс Бродқа өзінің барлық қолжазбаларын жоюды өсиет етті. Бірақ Макс Брод бұл өсиетті орындамады. Франц Кафка осылайша әлемге әйгілі жазушыға айналды. Өлгеннен кейін.
* * *
Қазіргі уақытта Кафка – Прагадағы басты талисмандардың бірі.
Антон Чехов
«Бір-бірімізді алғашқы әсер немесе екі-үш белгі бойынша бағалай алмаймыз, себебі біздің әрқайсымызда бұрандалар, дөңгелектер мен клапандар өте көп».
* * *
Ол пошта маркаларынан коллекция жинаған.
* * *
Антон Чехов композитор Чайковскиймен дос болған, тіпті оған «Түнерген адамдар» («Хмурые люди») әңгімелер жинағын арнаған.
* * *
Әдебиеттен артта қалғаны үшін 3-сыныпта екінші жылға қалдырылды.
* * *
Чехов әрқашан жазу үстеліне салтанатты костюм киіп отыратын.
Артур Конан Дойл
«Өте айқын фактілерден артық ештеңе алдамшы емес».
* * *
Шерлок Холмсты ойлап тапқан Артур Конан Дойл оккультист болып, кішкентай қанатты перілердің бар екеніне сенді.
* * *
Ол өзінің Шерлок Холмс туралы әңгімелерінде сот сараптамасының полицияға әлі белгісіз болған көптеген әдісін сипаттады. Оның ішінде темекі тұқылын және темекі күлін жинау, жазба машинкаларын сәйкестендіру, оқиға орнындағы іздерді ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Кейіннен полиция Холмстың осы және басқа әдісін кең қолдана бастады.
* * *
Артур Конан Дойл бір кездері Шерлок Холмсты «бірде-бір жағымды қасиеті жоқ нашақор» деп атаған Бернард Шоумен өте қиын қарым-қатынаста болды.
* * *
Артурдың құлпытасында жесір әйелдің өтініші бойынша рыцарлық ұран ойып жазылған: Steel True, Blade Straight («Болаттай адал, пышақтың жүзі тәрізді»).