ДДСҰ әлемде қатарынан бесінші апта бойы коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны азайып келе жатқанын жеткізді.
Егер жыл басында апта сайын 5 миллион адам індетті жұқтырса, қазір бұл көрсеткіш 2 миллионға дейін азайған.
Бұл барлық мемлекеттерде қолданылып жатқан шектеуші шараларының тиімді екенін дәлелдейді, деп атап өтті ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебресиес. Алайда, барлық мемлекеттерді карантиндік шектеулерді мерзімінен бұрын жеңілдетпеуге шақырды.
Ұлыбританияда «ковид-отельдер» жұмыс істей бастады. Коронавирус бойынша ең қауіпті «қызыл тізімге» енген 33 елден Англияға келетін адамдар сол жерде карантиннен өтуі керек. Қазірдің өзінде аталған қонақ үйлерге алғашқы қонақтар қоныс аударып үлгерген. Қонақ үйде он күн болу мен тестілеуден өту құны 1 750 фунтты құрайды.
Коронавирустың жаңа нұсқасы оншақты елде, оның ішінде Ұлыбританияда, Данияда, Австралияда анықталғанын Эдинбург университетінің ғалымдары мәлімдеді. В1525 деп аталған нұсқаның коронавирустың британдық В117 мутациясына ұқсастығы бар. Ғалымдар B1525-тің «алаңдатарлық мутация жиынтығы» барын, теориялық тұрғыдан қарағанда антиденелерге төзімді болу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіруде.
ДДСҰ AstraZeneca және Оксфорд университеті жасаған КВИ-ге қарсы вакцинаны мақұлдады. Басқа препараттар сияқты, төтенше жағдай орын алғандықтан шешім жеделдетілген процедура бойынша қабылданды. Вакцинаны дамушы елдер үшін коронавирусқа қарсы препараттарға қол жетімділікті жеңілдетуге бағытталған COVAX бағдарламасының бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін.