• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Маусым, 2021

Инвестиция қоржыны

222 рет
көрсетілді

Жетісудың табиғи ерекшелігі мен өңірдің логистикалық мүм­кіндігі инвесторлардың назарын үнемі аударып келеді. Бүгінде облыста 592 жоба осы жеке ком­паниялардың қаржысына жүзеге асуда. Яғни 2021-2030 жылдарға арналған инвестиция қоржынына жалпы құны 5,5 млрд теңге болатын қаржы салынады.

Нәтижесінде 45 мың жұмыс орны жаңадан ашылуы тиіс. Соның ішінде 66 жоба биыл толық аяқталып, еңбек нарығына 3500 адамға сұраныс артпақ. Бұған 112,8 млрд теңге жұмсалуда. Енді облыстың инвестициялық қор­жынына Дүниежүзілік банктің қар­жысы құйылатын күн жақын. Бұл жайында алпауыт қаржы ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Фран­суа Мартонның Жетісуға жа­саған ресми сапары барысында айтылды.

– Бүгінде ел көлемінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен 16 жоба іске асып жатыр. Ал оның ішін­дегі 9 жоба біздің Алматы облы­сын­да. Өңір агроөнеркәсіптік салада, қант қы­зылшасы, соя, жүгері өсі­ру­де көш­­басшы орында тұр. Ауыл ша­руа­шылығы өнімдерін өңдеуде іргелі жо­балар бар. Баламалы энергетикада да жемісті жұмыстар жасалып жатыр. Біз сіздермен осы салаларда, сол сияқты туризм, тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық, соның ішінде газдандыру, көшені жарықтандыру, кәріз жүйелерін жаңғырту, сонымен бірге ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру бағыттарында ынтымақтастық орнатуға бейілдіміз. Жақын аралықта Талдықорғанда ЖЭО салу жоспарда бар. Бұл да – маңызды әрі қажетті жоба. Алда Дүниежүзілік банк мамандарымен нақты бағытымызды бірлесіп анықтап, жемісті еңбек етуге тәжірибеміз жетеді деп ойлаймын, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Жалпы, Дүниежүзілік банктің қолдауымен облыста бұған дейін де бірқатар жоба жүзеге асқан екен. Оның ішінде «Алматы-Қорғас» жо­лының инфрақұрылымдық жобасы, 2 мек­теп пен балабақшаны қамтитын энергия тиімділігін арттыру жобасы, сол сияқты жастарды қоғамдық өмірге тартуға, олардың өмірлік машықтарын дамытуға бағытталған жастар кор­пусының жобасы бар. Ал банк өкіл­дері енді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында білім беру, цифр­ландыру, жол инфрақұрылымы, ирригация, әлеуметтік салаларда, әсі­ресе, мемлекеттік-жекеменшік әріп­­тестік аясындағы жобаларды қар­жыландыруға дайын көрінеді.

– Біз Алматы облысының аума­ғында бірлесе жұмыс істеуге қызы­ғу­шылық білдіріп отырмыз. Бұған дейін біз ел Үкіметі арқылы ғана іскер­лік байланыс орнаттық. Енді облыс басшылықтарымен тікелей жұмыс істеу үшін бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіп жатырмыз, – дейді өз кезегінде қаржы ұйымының Қазақ­стандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартон Жан-Франсуа Мартон.

Сондай-ақ әлемге әйгілі қаржы ұйымы өкілдерінің кездесуіне қа­тысқан Халықаралық қаржы кор­порациясының Қазақстандағы кең­сесінің басшысы Екатерина Бенд­жамин де Алматы облысымен ара­дағы әріптестік байланыстарын жан­дандыруға ықыласты екенін айтты.

– Біз облыстың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына оң ықпал ететін ұзақ мерзімдік жобаларды, соның ішінде қалдықтарды жою және ирригация бағыттарындағы жобалар­ды бірге атқаруға дайынбыз, – деп атап өтті Халықаралық қаржы кор­порациясының Қазақстандағы кең­сесінің басшысы Екатерина Бенд­жамин.

Айтпақшы, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қа­зақстан Республикасы мен Ха­лық­­­аралық қаржы корпорация­сы ара­­сындағы Қазақстан Респуб­ли­касында офистер құру және олар­дың қызметі туралы келісімді рати­фикациялау туралы» Қазақстан Рес­публикасының заңына қол қойған болатын. Екіжақты іскерлік бай­ланыстың жемісі енді Жетісу же­рінде нәтиже бермек.