Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович Ресейді «үлкен күш» деп атаған АҚШ-тың Біріккен комитет штабтарының басшысы, генерал Марк Миллидің мәлімдемесін «сатқындық» деп бағалағанын хабарлайды Egemen.kz.
«Оппозициялық платформа – Өмір үшін» партиясының өкілі, Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович Марк Миллиге өкпелі. АҚШ генералы таяуда ғана «Тек Вашингтонда ғана емес, ендігәрі Пекин мен Мәскеуде де орталықтары бар жаңа бейбітшілік жүйесінің негізі қаланды», деп мәлімдеме жасаған болатын. Осы сөз украиналық депутаттың шамына тисе керек, ол өзінің фейсбуктегі аккаунты арқылы Миллидің бұл сөзін бір емес екі мәрте «сатқындық» деп бағалады.