• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Ақпан, 2022

Баянсыз бағдарламалар

183 рет
көрсетілді

Осыған дейінгі Nur Otan партиясының съездеріне байланысты айтылып келген пікірлер тек қана символикалық мәнге ие болып келгені белгілі. Ал осы жолғы Мемлекет басшысы тарапынан айтылған мәселелерден билік транзитінің аяқталғанын, енді жаңа Қазақстанды құруға бет бұрғанымызды аңғартты.

Бұл ретте бірінші кезекте жастардың әлеуе­ті­­не назар аударылғаны белгілі. Прези­дент ай­тып өткендей, Jas Otan нақты жұмыс іс­теу үшін зор әлеуетке ие. Біз бұл мүмкін­дік­­ті қалай пайдаландық, мәселе сонда. Мем­ле­­кет басшысы айтып өткендей, партияның жас­­тар қанатында еліміз бойынша 100 мың­нан астам мүше бар. Бірақ осынау ресурс ла­йықты деңгейде пайдаланылмай отыр. Jas Otan қатарына қоғамдық қызметпен айна­лы­суға дайын, жастар тыңдайтын, сыйлай­тын, олар­дың арасында үлкен сенімге ие бол­­ған көшбасшыларды тарту керек. Мем­­ле­кет басшысы айтып өткендей, жас азамат­­тарды жұмыспен қамту, білім беру және оқыту саласында бірқатар маңызды жоба ат­қарылды. Бірақ әлеуметтік сауалдама нәти­жесі жастардың бұл бағдарламалар жайын­да ха­барсыз екенін көрсетті. Бұл жайт бірін­ші кезекте назар аударуға тиіс бағыттың қалта­рыс­та қалғанын айғақтайды.

Jas Otan жастар қанатының мүмкіндігін қа­жетті тетіктерге пайдалану мәселесі бұ­рын­нан айтылатын. Бірақ бұл мәселе көп елене бермей, тасада қалып қойып жатты. Жас­тар­дың ерік-жігерін дұрыс бағыттамаса, оларды өз­ге­л­ер­дің пайдаланып кететінін қаңтардағы оқи­ға аң­ғартты. Жастардың әлеуетін ғана пайдала­нып қалуға басымдық берілмей, олардың биз­нес­пен айналысуына жағдай жасау қажет. Сон­ы­мен қатар жас азаматтарды еңбекке бау­лып, шалғай өңірлерді дамыту секілді пай­далы жо­баларға тартқан жөн. Бұл мәселе Nur Otan пар­тиясының ғана емес, Президент Әкім­ші­лігі Ішкі саясат бөлімінің де назарында тұруы керек.

Съезде партияның қоғамдық бақылау қызметін әлсіретіп алғанымыз да ашық айтылды. 2010 жылдардың орта шеніне дейін бұл қызмет Nur Otan партиясының әлеуетін асырып, халықпен арадағы байланысты жалғап тұрған негізгі факторлар болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмысы да нәтижесін берді. Мемлекет басшысы айтып өткендей, партияның ел бо­йынша 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. Бірақ олардың жұмысы көріне бермейтіні, азаматтардың барлық өтінішін бақылауға алып, қатаң қадағалап отыру маңызды екені­не Президент ерекше назар аударды.

Бүгінге дейін аудан немесе облыс басшы­лары пар­тияның жергілікті филиалдарын бас­қарып келді. Бұл фактор кешегі КСРО ке­зін­дегідей орталықтандырылған жүйені еске түсіреді. Басқаша айтқанда, бір орталықтан басқаруға, уысында ұстауға тырысатын әкімшіл-әміршіл жүйенің кері жаңғырығы. Съезд барысында айтылған ұсыныстардан ұқ­қаны­мыз, алдағы уақыттағы өзгерістер бір­не­ше бағытты қамтиды. Облыс немесе аудан­­дық деңгейдегі басшыларға партияның аймақтық филиалдарын басқаруға беру мәселесі алдағы уақытта шешімін табуы керек. Бұл ұсыныс та Мемлекет басшысы тарапынан айтылды.

Қаралатын мәселе көп екені белгілі. Қаң­тар­дағы қайғылы оқиғалар партия мүше­лері­нің беделі жоғын әрі елдің проблемаларын шешуге құлықсыз екенін көрсетті. Бұл жайт Президенттің кез келген партия мен қозғалыстың қызметінен алшақ болуды талап етеді. Бұл ұсыныс билік партиясына ғана емес, Қазақстандағы барлық саяси пар­тияларға да қатысты. «Сондықтан біраз уақыт­тан кейін, бәлкім, осы жылдың соңына қа­рай менің Nur Otan-ға төрағалық етуім қан­ша­лықты орынды екенін қайта қарауымыз мүм­кін», деді Мемлекет басшысы. Демек би­лік пар­тиясының құрылымы мен ықпал ету деңгейі туралы көп өзгерістің беталысы алдағы уақытта айқындалып қалады деп ойлаймын.

 

Андрей ЧЕБОТАРЕВ,

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры