• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Наурыз, 2022

Қайырбек Арыстанбеков: Жолдауда ұлттық мүддеге бағытталған саяси бастамалар көп қамтылған

374 рет
көрсетілді

Ахмет Байтұрсынұлының мынандай бір жақсы сөзі бар. «Ел басшысы, мемлекет басқаратын адамдар шаруашылықты жақсы біліп, жақсы­лық­тың диқаншысы болуы керек» деп айтқан екен. Сондықтан кешегі Жол­дау­да Ахаңның доктринасынан туындайтын ұлттық мүддеге бағытталған, саяси көп­теген бастама айтылды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында осы ұсыныстардың көбісі ұсынылған, пысықталған. Көптеген мемлекеттік аппа­рат тұрғысынан сұрақтар қойы­лып, қарсы пікірлер айтылған. Соның іріктелген, тұжырымдалған, пысықталған түйіні саяси құжат ретінде жарияланды.

Осы орайда үш мәселені айтқым келеді. Бірінші, 1205 жылы Йассы, Шыңғыс хан құжаты өмірге келді. 1215 жылы Ұлыбританияның «Ұлы еркіндік хартиясы» қабылданды. Бір қызығы екі құжат та бір мезгілде қабылданды. Ұлыбритания құжатында корольді шектеу мәселесі қойылған. Ал Президент Жол­дауында өз өкілеттігін жеті бағыт бо­йынша қысқартып, Парламентке немесе мәслихаттарға беру жоғарыда айтып өткен екі әлемдік құқықтық құжат­тың жақсы үйлесіп, Қазақстан қоғамына енгізу деп түсінеміз.

Екінші мәселе, жақында АҚШ Конгресі Ресейден мұнай сатып алуға эмбарго жариялады. Сонда Конгрестегі талқылау кезінде екі сенатордың пікірі ұнады. Олар Ресейге қарсы шектеу салғанда Қазақстан зардап шекпей ме деп алаңдады. Демек АҚШ конгрестері біздің мүддемізді қорғап, жандары ашып отыр. Осы орайда, Парламенттік тергеу функциясын болашақта пысықтап, енгізу керек.

Үшінші ұсыныс, біздің Бюджет ко­дек­сінде кеңейтілген үкіметтің шығыс­та­ры деген термин жоқ. Бұл күн тәртібіне қойылмаған, Үкімет мүлдем айтпайды. Экономика министрлігі мүлдем сөз қоз­ғаған емес. Әлемде мынандай заң­ды­лық бар. Үкіметтің кеңейтілген шы­ғыс­тары 50 пайыздан асып кетсе, сол мем­лекетте экономикалық өсім қар­қы­ны 5 пайызға жетпейді екен. Біздің есеп­теуіміз бойынша 2020 жылдың қоры­тын­дысында мұндай шығындар ішкі жалпы өнімнің 62 пайызынан асып түсті. Ал Президенттің басты парадигмасы – кедейлікпен күресу. Экономикалық өсім – кедейлікпен күресудің ең үздік жолы. Бюджеттен ақша таратып беру ар­қылы ушығып тұрған мәселені шешуге болады. Бірақ ұзақ мерзімде тұрақ­ты­лық­ты сақтау үшін жоғарғы қарқынды экономикалық өсім керек.

 

Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВ,

Экономикалық саясат институтының президенті