• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Сәуір, 2022

Мемлекеттік басқарудағы жаңа кезең

305 рет
көрсетілді

Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Мұны еліміздегі бірнеше іргелі бағытты қамтитын бүкіл саяси жүйені жаңарту үрдісі деп айтуға болады.

Бұл – демократияландырудың жолы, супер­прези­дент­тіктен күшті Парламенті бар президенттік бас­қару ныса­ны­на көшу, сайлау жүйесін жетілдіру, аралас про­пор­ционал­ды-мажоритарлық модельге көшу, мәсли­хаттар­дың өкі­лет­тіктерін күшейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару­ды нығайту. Бұл – мемлекеттік басқарудағы жаңа кезең.

Саяси реформалар суперпрезиденттік кездегі олқы­лық­тар­д­ы жоюға бағытталған. Президенттің жақын туыстары­на саяси мемлекеттік қызметтер мен квази­мем­лекеттік құры­лымдарды басқаруға тыйым салу алдағы уақытта Пре­зидент айтқан непотизмді жою және қандай да бір оли­гархаттың пайда болуының алдын алу мақсатында жүр­гізіліп отыр. Бұған дейін Президент бизнесмендермен кез­десу кезінде еліміздегі бар байлықтың қомақты үлесі 162 адамның ғана еншісінде екенін айтып өткен болатын. Бұл еліміздегі қаржы ресурстарының, байлықтың тепе-тең үлестірілмегенін көрсетеді. Мұның барлығы суперпрезиденттік кезде болған олқылықтарды жою мақсатында жүргізіліп отыр.

Мәжіліс ендігі күні заңды қабылдаушы орган болады, бұған дейін бұл Сенаттың құзыретінде болған. Нәтижесінде, Мәжілістің құзыреті күшейейін деп тұр. Одан кейін мәслихаттардың рөлін күшейту, саяси партияларды тіркеуді күшейтуге байланысты нормаларға өзгерістер енетін болады. Жалпы, президенттік өкілеттікті шектеу, біріншіден, ол өкілеттікті Парламентке көбірек беру, яғни Парламентті және жергілікті өзін-өзі басқару­ды нығайту мақсатында жасалып отыр.

Шын мәнінде, Конституция кез келген азаматтың құқығының сақталуын білдіреді. Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің лауазымы конституциялық деңгейде бекітілетінін атап өткен жөн. Бұл – уәкілетті органның құқықтары нақты белгіленген жаңа норма. Ол есеп бермейді, керісінше барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тәуелсіз болады.

Конституциядағы өзгерістерді зор оптимизммен қабылдаймын және олардан Қазақстан қоғамы үшін айтарлықтай оң нәтиже күтемін.

 

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ,

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы