• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 07 Маусым, 2022

Ұлы даланың маңызды референдумы

315 рет
көрсетілді

Орталық Азияның маңызды мемлекеті болып есептелінетін Қазақстанда бірқатар конституциялық өзгеріс бойынша референдум өтті. Конституцияның үштен бірін өзгерту жөніндегі референдумға дауыс беру құқы бар тұрғындардың 68%-ы қатысып, 78 %-ы қолдап, өзгеріс­тер қабылданды. Түркістан (80%) және Қарағанды (79%) аймақта­рында жастар көп белсенділік танытты.

Қазақ даласындағы конституцияландыру мен демократияландыру үрдісінде өткеннен бүгінге дейін өзіндік ерекшеліктері бар және Қазақстан – Түркия мен Түркі Әлемі үшін де ма­ңыз­ды зор мемлекет.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік алғаннан бері тұрақ­ты­лы­ғын сақтап, әртүрлі этникалық/діни қауымдастықтардың қоныстанғанына қарамастан, бейбіт өмірді, тұрақтылық­ты сақтай білген Қазақстан қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін бірқатар қауіп-қатерді сәтті еңсере білді.

Табыс пен азаматтарға ұсынылатын мүмкіндіктердің әділетсіздігі, кедейлік және сыбайлас жемқорлық сияқты мәсе­лелер жаһандық індет, пандемиямен қа­баттасуынан туындаған экономикалық жағдайлар саяси күйзелістерге әкелді.

Осы орайда кешегі Конституцияға өзгертулер енгізу қадамының ең маңызды уәжі – елдегі тұрақтылықты берік қал­пына келтіру, суперпрезиденттік модельден бір қадам алға жылжып, мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынасты барынша нығайту болып есептелінеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін сақтай отырып, «Жаңа Қазақстан» ұранын қабылдап, бірқатар өзгерістерді енгізуге тырысуда.

Дегенмен, бұл өзгерістерді тереңірек түсіну үшін өткен күндерге көз жүгірту керек. Бұл мәліметтер кейбір жазбаларда айтылмағанын байқаймын.

Негізі өзгерістердің алғашқы қа­дамдары 2010 жыл­дан байқала бас­таған.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баев 2007 жылдың 21 мамырын­дағы өзгерістер арқылы аз да болса, өз елін­дегі Пре­зи­денттік басқару жүйесін реттеген болатын. Сол өзгерістен ке­йін ол: «Осы конституциялық тү­зе­­­ту­­лер­мен мен біздің басқару ­­­­­жү­йеміз Президенттік Рес­публика ретінде жалғаса беретініне қарамастан, Парла­менттің өкілеттіктерін кеңейтуге күш салуды ұсынамын. Бұл өзгеріс бізді президенттік-респуб­лика­лық жүйеден президенттік-парламенттік басқару мо­деліне көшіреді» деген еді.

Президенттік-парламенттік жүйе посткеңестік мемлекеттерді зерт­тейтін Шугарт (Shugart) пен Кэридің (Carey) классификациясының өнімі. Мұнда пар­­ла­менттік жүйенің элементтері сақ­тал­­­ға­нымен, жүйеге халық сайлаған мем­лекет басшысы билік етеді. Осы­лай­­ша, президенттік, жартылай пре­зи­дент­­тік және мағыналық тұрғыдан пар­ла­менттік жүйеге толық ұқсамайтын жүйе пайда болады. Бұл жүйенің ар­тық­­шы­лықтары мен кемшіліктерін ескер­­­сек, ол «суперпрезиденттік» пен пар­­ла­менттік жүйенің арасында тұр. Кон­ституциялық тұрғыдан алғанда бұл модельдің парламенттік немесе супер­президенттікке ауысатынын көр­сететін ең маңызды 3 тәжірибе бар. Олар: заң шығару, жұмыстан шығару және тоқтату.

Сонда мемлекет басшысы заң билігін өз қолына ала ма? Ол Парламентті тарата ала ма? Үкіметті ше?

Осы тұрғыда 2017 жылы бастау алған және Мемлекет басшысына өз өкі­­лет­тіктерінің бір бөлігін Үкіметке/Пар­ламентке беруге мүмкіндік берген кон­сти­туциялық түзетуді депутаттар қабылдады. Конституцияның 19 бабына 26 түзету енгізу арқылы Пре­зидент­тің заң шығару/атқару сала­сындағы 35 өкілеттігі Мемлекет басшысынан алынып, Үкімет пен Парламентке беріле­ді. Мұндағы кейбір өзгерістерді ескере отырып, Президенттің Жарлық шы­ғару өкілеттігі біршама тарылды, Мемлекет­тік бағдарламаны бекі­ту өкі­леттігі үкіметке берілді, ал Үкімет тек Президент алдында ғана емес, Парла­мент алдында да жауапты болды...

Әрине, бұл өзгерістер жеткіліксіз. Нақ­­ты қажеттіліктерге бейімделіп, ха­­лық­тың осы өзгерістерге қатысуы қам­­та­масыз етілуі керек еді. Бұл елдің бола­шақта не күтіп тұрғанын аңғартатын еді.

Сонымен қатар 2017 жылғы түзетуде Конституцияға «елдің негізін қалаушы Президент – Нұрсұлтан Назарбаев» ­деген сөз қосылған болатын. Кешегі ре­ферендумда енгізілген түзетулердің ­бірі осы сөзді алып тастау болды. Әри­не, бұл өзгеріс елдің саяси ықпалына және билік тармақтарының тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін.

Мен, 2018 жылы Назарбаев бұл қыз­­меттен өз еркімен кетуі мүмкін деп мәлімдеген болатынмын. Расында, солай болды. 2019 жылы 19 наурызда қызметінен кетіп, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты пре­зи­дент­тікке ұсынды.

Бүгінгі таңда 2017 жылғы конститу­циялық өзгерістер бұл лауазымнан кету туралы шешім қабылдауға ішінара негіз болғаны белгілі. «Мен жұмыстан кету туралы шешімді 2017 жылы қабылдадым», деді ол бізбен сұхбатында.

Енді соңғы өзгерістерге оралатын болсақ, Президент Тоқаев орнатқысы келетін модельді екі өлшеммен қарас­тыра аламыз.

Біріншісі – мемлекеттік басқару жү­йе­сін одан әрі нығайта түсетіндей етіп орна­ластыру. Тоқаев өз сөзінде «парламентаризм» терминін анық қолданды. Парламент ел тарихында алғаш рет осылайша қуатты болмақ.

Екіншісі – Назарбаевтан кейінгі халықтың күткен үміті және әкімшіліктегі билік тепе-теңдігін қазіргі Пре­зидент ыңғайлы әрі жылдам жұмыс істейтіндей деңгейге жеткізу. Билік жүйесін реттей отырып, кадрлардың ауыспалылығын жылдамдату. Тоқаев билікке келгеннен бері тұрақты табысы бар отбасыларды қолдап, кедейшілік пен сыбайлас жемқорлықты азайтуға тырысуда. Бұл мәселелермен шындап айналысуда. «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» деген ұран мемлекеттік органдар мен халық арасындағы сенімді нығайтуға негізделген. Бұл тұрғыда ол халықтың зор қолдауына ие болуда. Ол өз еліне сәйкес келетін дәстүр мен инновация арасындағы тепе-теңдікті сақтағысы келеді.

Қабылданған заңдардың кейбірі мынандай:

– Президент қызмет басында тұр­ғанда саяси партияның мүшесі бола алмайды.

– Үлкен құзыреті бар облыс әкім­дері де партияларда жоғары лауазымды қызмет атқара алмайды.

– Президенттің жақындары мен туыс­тарын мемлекеттегі жоғары қыз­меттерге және жартылай мемлекеттік ком­паниялардың басшылығына әкелуге заңмен тыйым салынады.

– Президент облыс және қала әкім­дерін тағайындау кезінде кемінде екі кандидат ұсынады.

– Конституциялық Сот 11 мүшеден тұрады. Конституциялық Соттың төр­ағасын және 4 мүшесін Парламент Се­натының келісімімен Президент таға­йын­дайды, ал 6 мүшесін Сенат пен Мәжі­ліс бекітетін болады.

– Заң қабылдау құзіреті тек Парла­ментте болады. Пропорционалды өкілдік жүйесі енгізіледі.

– Саяси партияларды тіркеу жеңілдеу болады. Сайлауға қатысу үшін партиялар жинайтын қолдар саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін қысқарады.

Бұл өзгерістер елге саяси, әлеуметтік және құрылымдық тұрғыдан не әке­летінін көрейік. Бұл әсіресе тікелей шетел­дік инвестиция үшін тартымдылық туды­рады деуге болады. Біз мұқият бақы­лауды жалғастырамыз. Қазақстан өз аймағы үшін және Түркия үшін де стра­тегиялық маңызға ие.

 

Күршад ЗОРЛУ,

саясаттанушы