• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Шілде, 2022

Халықаралық сот Мьянманың шағымын қабылдамады

322 рет
көрсетілді

Халықаралық сот Гамбияның Мьянмаға қарсы ашқан «Аракандық мұсылмандарға қарсы геноцидті тергеу» ісіне қатысты шешім қабылдады. Шешімнің қорытындысы бойынша, сот Мьянманың қарсылығын қабылдамады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының сот органы Халықаралық әділет соты жариялаған шешімде Мьянманың геноцид ісіндегі «юрисдикцияның жоқтығы» және «қабылдау» шарттарына қатысты қарсылықтары қа­был­дан­бағаны атап көрсетілді.

Мьянманың негізгі төрт себеппен сотқа берген қарсылықтарының үшеуі судьялар тарапынан бірауыз­дан қабылданбаған. Ал біреуі тек Қытай судьясының қарсылығына бай­ланысты көпшілік дауыспен есеп­ке алынған жоқ.

Сот Мьянманың Гамбия істі өз атынан емес, Ислам Ынты­мақ­тас­ты­ғы Ұйымының атынан қозғады деген қарсылығын жоққа шығарды. Геноцид қылмысы тікелей оған қарсы жасалмаса да, әрбір адам және мемлекет талап ете алатынын және бұл қылмыстың құрбаны болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Мьянма тарапының Гамбия 1948 жылғы геноцид Конвенциясына сәйкес оны сотқа бере алмайтыны туралы екінші қарсылығын да сот ескермеді. Сондай-ақ Сот шешімі геноцид конвенциясына жасалған ескертпенің сотқа жүгінуге кедергі болмағаны, Мьянманың үшінші қарсылығының да қабылданбайтыны айтылған.

Сонымен қатар халықаралық ұйым Мьянманың іс қозғалған кезде Гамбиямен арада ешқандай дау бол­мағаны туралы төртінші қарсылығын назарға алудан бас тартты. Екі мемлекет арасындағы өзара хат алмасу, БҰҰ тергеу комис­сия­ларының есептері және БҰҰ Бас Ассамблеясының жарлықтары Мьян­мадан келген аракандық мұсыл­ман­дарға қарсы қылмыстарды тер­геу­ді және кінәлілерді жазалауды бірнеше рет атап өтті.

Халықаралық сот Гамбия берген сот ісінен бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осылайша, Мьянманың рохинджа мұсылмандарына қатысты іс-қимылы 1948 жылғы геноцид Конвенциясын қаншалықты бұза­ты­нын анықтамақ.

Естеріңізге сала кетсек, рохинд­жа мұсылмандарына қарсы этностық қудалау жүргені белгілі. 2012 жылы Араканда буддистер мен мұсыл­ман­дар арасында қақтығыстар болып, нәтижесінде мыңдаған мұсылман қаза тапты, жүздеген үйлер отқа оран­ды.

2016 жылы Мьянманың билік басына Аун Сан Су Чжи ханым келді. Көпшілік жаңа басшы ұзақ жыл бойы жалғасып келе жатқан қақтығысты тоқтатады деп күткен. Бірақ жаңа басшы бұл мәселеде қауқар көрсете алмады. Осылайша, 2017 жылдың 25 тамызында Араканда Мьянма әскері мен буддист ұлтшылдар жергілікті мұсылмандарға қысым көрсетіп, зор­лық-зомбылық әрекетке барды. Ел билігі әскерилердің бұл әрекетін «ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретін экстремистермен күрес» деп ақтаған еді.

БҰҰ мәліметіне қарағанда, 2017 жылдың тамыз айынан кейін Ара­кан­дадағы қысым мен қуда­лау­дан қа­шып, Бангладешті паналағандар саны 900 мыңға жеткен. Х­а­лық­ара­лық құқық қорғау ұйым­дары жариялаған спутниктік сурет­тер жүз­деген ауылдың қирағанын көр­сет­ті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықты «этностық қудалау» немесе «геноцид» деп атады.

Жалпы, БҰҰ Халықаралық соты Екінші дүниежүзілік соғыстан бері әлемдегі үш оқиғаны – 1970 жылы Камбоджадағы мемле­кет­тік тер­роризмді, 1994 жылғы Руан­дада­ғы оқиғаны, 1995 Босниядағы Сребреница қырғынын – геноцид деп таныған.

 

Мадина АМАНБЕКҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»