• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жоба 10 Шілде, 2023

Өтүкенге жол тартқан керуен

506 рет
көрсетілді

Өткен аптада «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халық­­аралық тарихи-мәдени экспедиция басталып, Көкше­­таудан автосапарға аттанған еді. Ал қазір керуен орта ғасыр­да­ғы Найман хандығының шығыстағы шеткі шекарасына же­тіп, Өтүкен қойнауына жол тартты. Одан кейінгі нүкте – Қара­қорым. Жоспар бойынша тарихи экспедиция Павлодар, Бийск, Таулы-Алтай, Қосағаш, Баян-Өлгей, Ховд, Баянхонгор, Хар­хо­рин, Номғон, Ұланбатыр, Налайхан, Улан-Удэ, Иркутск, Крас­ноярск, Новосібір, Омбыға аялдайды. Сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумағында, шамамен 9 мың шақырым жер­ді басып­ өтпек.

Ауқымды жоба Мысыр елін билеген мәмлүктердің қол­бас­шысы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына, қазақтың ұлы хан­да­рының бірі, мемлекет қай­­раткері, дипломат және қол­бас­шы Абылай ханның 310 жыл­дығына, Алаш қайраткері, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арнал­ған. Авто­керуенді Ақ­мо­ла облысы әкімдігі және «Отан­­дастар қоры» КеАҚ ұйым­дас­тырып отыр.

Аталған сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия мемле­кет­тері арасын жалғайтын экспедиция жасау арқылы халықтардың біртұтас мәдениетін насихаттау, көшпелілер өркениетінің мұрасы мен сол елдердегі тарихи жәдігерліктермен танысу, қазіргі дәуірдегі қазақ-орыс, қазақ-моңғол халықтарының өзара достық, бауырластық бай­ла­­­­ныстарының тарихи негіз­де­рін дәріптеу мақсатын көз­дейді. Сондай-ақ Ресей мен Моң­ғолияда тұратын қазақтармен рухани байланыс орнату, пікір алмасу, Қазақстан хал­қының тарихи-мәдени және рухани мұраларын насихат­тау жоспарланған. Одан бөлек, қа­зақ даласынан шыққан тари­хи тұлғаларды дәріптеп, олар­дың қайраткерлік, елдік істе­рін көрсету де назардан тыс қал­майды.

Айта кетейік, бұл халық­аралық экспедиция – елі­міз­де тұң­ғыш рет өткен «Абы­лай ханның қара жолы» экспе­­дициясының жалғасы. Авто­са­пар құрамында белгілі ғалымдар, жазушылар, этнограф-тарих­шылар, өнер және қоғам қай­рат­керлері, БАҚ өкіл­­дерінен жасақталған 22 адам бар. Екі аптаға жуық уақыт сапар шегетін топ мүшелері 10 000-ға жуық шақырымды еңсеріп, еліміздің солтүстік өңірлерімен Ресей мен Моңғолия мемлекеттерінің тарихи елді мекендерін шарлап шығады.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры, түркітанушы ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы аталған экспедицияның тарихи мәніне тоқталды.

«Абылай ханның қара жолы»­ атты 5-экспедиция еліміз­дің дәс­түрлі хандық дәуі­рі­ні­ң­ аста­на­сы болған Бурабай бөк­те­рі­­­нен, Абылай хан ала­ңы­нан­­­ жол­ға шықты. Бұл экспе­ди­­­ция­­ның «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» деп ата­луы да тегін емес. Мұнда үл­кен­ тарихи, этно-мәдени, саяси­ ма­ғы­на бар. Өйткені біздің Абы­лай­ ханның кезінде өмір сүр­ген­ қазақ мемлекеті – ол сонау­ орта ғасырлардағы Түркі қаға­на­тының, Алтын Орданың жал­ғасы. Түркі қағанатының, Ғұн импе­риясының, Шыңғыс хан импе­рия­сының орталығы – қазіргі Моңғолия. Моңғолияның орта­лығы Өтүкен қойнауы – біз­дің­ бабаларымыздың ежелден мәң­гілік ел қылуға ұмтылған киелі құтты мекені, қара орны, түпкі қаны. Сол жерге кетіп бара жатырмыз. Күлтегін бабамыздың айтқан «Түркі халқы Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ» деген киелі қонысы. «Аз халықты көп қылдым, аш халықты тоқ қылдым, Ел құр­дым, мемлекет құрдым, Қара терімді ағыздым, Қызыл қаным­ды­ жүгірт­тім, Түркі халқы сен үшін» деген тұсқа кетіп барамыз. Ол жерде шығыста Қытайдан, батыс­­та Римнен, арабтан, парсы­дан­ ел­шілер келетін. Орда сарай­лар­ салдырған. Сол жерден XIII ға­сырда біздің бабаларымыз ірге­ көтерген. Біз сол киелі мекен­ге бет бұрдық. Бұл сапар тарихта қалады. Арқа мен Өтүкен­нің ара­­сын жалғаған тарихи сапар – тәуелсіз еліміздің тарихнамасында, жаңа тарихында, тарихи сананы қалыптастыру үде­рісінде қалатын үлкен тари­хи­ сапар», дейді Тұрсынхан Зәкен­ұлы.

Экспедиция қа­ты­­су­­шы­ла­ры­­ның саяхаты Ақмола облы­сы­­ның тарихи жерлері – Бура­бай­­дағы Абылай хан алаңы, «Ботай» археологиялық кешені мен «Бозоқ»­ тарихи-мәдени ес­керт­­­кіші­­нен бастау алды. Бұдан кейін Павлодар облысында бо­лып, «Абылай ханнан абыз Тоны­көк­ке дейін» атты дөңгелек үстел ұйым­дастырып, жергі­л­­ікті тарихшы ғалымдар, өлке­тану­шы­лармен кездесу өткізді. Ресей Федера­циясындағы қазақ көп­ қоныстанған Қосағаш, Ново­сі­бір, Омбы шаһарларында бо­лып, қазақ диаспораларымен кез­дес­ті.­ Аталған қалалардың тарихи орындарына саяхат жасады.­ Сон­дай-ақ Моңғолиядағы Баян-Өлгей, Ұлан­батыр қала­ла­рын­­дағы қазақ­­тармен кездесу ұйым­дас­ты­рып, ұлы түркі мем­ле­кеті­нің та­рихи­ ескерт­кіштері Білге қа­ған,­ Құтлық қаған, Күл­те­гін, Тон­ы­­көк кешен­деріне бару­ды­ жос­­парлап отыр. Одан әрі экспеди­ция­ қатысушылары Алтай мен Саян тауларындағы сақ-ғұн, көне­ түрік кезеңдеріндегі тарихи ескерт­кіштер мен тарихи­ орын­дар­ға­ саяхат жасайды. Жос­­пар бойын­­ша автокеруен 20 шілдеде Көк­ше­тау қаласында мәресіне жетеді.