• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Қараша, 2023

Неміс кәсіпкерлерінің қызығушылығы артты

123 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Берлинге жұмыс сапары аясында екі елдің іскерлік ынтымақтастығының өзекті тенденцияларын неміс компаниялары тобымен дөңгелек үстел басында талқылады.

Премьер-министрдің бі­рінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің респуб­ликаның инвестициялық тар­тымдылығын арттыру жөнін­дегі жоспарлары және мемлекеттік қолдаудың қолже­тімді шаралары туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелге қатысу­шы­лар Қазақстанмен кооперацияны одан әрі кеңейту бойынша бірқатар нақты ұсыныс айтты. Бұл тұста машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, медицина, қаржы және тағы басқалары басымдыққа ие.

Сонымен қатар бұл іс-шара­ға биылғы маусым айында құрыл­­ған бірлескен жобаларды қар­жы­ландыру және тәуекелдерді хед­жерлеу жөніндегі жұмыс тобы­ның мүшелері де қатысты.

«Бізді «Қазақстанда неміс сапасына сай жасалған» формуласы бойынша өнім шығаратын өндіріс­терді құрудағы ынты­мақтастық қызықтырып отыр»,  деді Р.Скляр.

Премьер-министрдің бірін­ші орынбасарының айтуын­ша, геосаяси жағдайдағы өзгеріс­тер мен іскерлік ахуалдың жақ­саруы бүгінде Қазақстан мен Гер­манияның өзара тиімді эконо­микалық ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Оған қоса Р.Скляр Герма­ния­ның жетекші іскерлік бірлес­тіктерімен келіссөздер жүргізіп, бірнеше ірі неміс компаниясымен екіжақты кездесулер өткізді.

Германия өнеркәсібі федерал­дық одағының (BDI) басқарма мүшесі В. Нидермаркпен одаққа қатысушыларды Қазақстан­ның индустриялық әлеуетін жаңғыр­туға және арттыруға тарту мүм­кіндік­тері талқыланды. Бұл – Гер­мания­ның негізгі экономика­лық қауым­дастығы, оның ішінде 40 сала­лық бірлестік және 8 мил­лионға жуық қызметкері бар 100 мыңнан ас­там компания кіретін үлкен ұйым.

Германия экономикасы Шы­ғыс комитетінің атқарушы дирек­­торы М.Хармспен келіс­сөз кезін­де Қазақ­стан-Гер­ма­ния Іскерлік кеңе­сі, Сауда-эко­но­микалық ынты­­мақ­­тас­тық жөніндегі қазақ-неміс үкі­мет­аралық жұмыс тобы, Бір­лес­кен жобаларды қаржы­лан­дыру және тәуекелдерді хеджер­леу жөнін­дегі жұмыс тобы, Берлин еу­ра­зия­лық клубы сияқты бірлес­кен инс­ти­туционалдық диалог платфор­ма­ларының қызметін жетілдіру мә­селелері қозғалды. Германия экономикасы Шығыс комитеті Шығыс Еуропа мен Азияның 29 еліне қа­тысты Федералды Үкіметтің сая­сатын қалыптастыруға қатысады, сондай-ақ біраз ел ұйымдарында негізгі серіктес болып отыр.

Компания өкілдерімен екіжақты кездесулер аясында Қазақ­станда инвестициялық жобалар­ды іске асырудағы ынты­­мақтастық мүмкіндіктер туралы ұсыныстар қаралды. Атап айтқан­да, метал­лур­гия, өңдеу және тау-кен өнер­кәсібі, химия өнеркәсібі, құры­лыс материалдарын өндіру және тағы да басқа салалар бойынша мүм­кіндіктер қаралды.

«LANXESS AG», «Rain Carbon», «HMS Bergbau AG», «Diehl Stiftung», «G. Zwiehoff GmbH» және тағы да басқа ком­па­ния­лардың басшы­лығымен келіс­сөздер жүргізілді.

Сапар барысында салалық министрліктер мен ұлттық компаниялардан қосылған делегация мүшелері өздерінің жұмыс бағыттары бойынша жеке кездесулер өткізді.

Айта кету керек, Қазақстан – Гер­манияның өңірдегі жетекші сау­да-экономикалық серіктесі. Оның үлесіне Германияның Орта­лық Азия елдерімен саудасының бар­лық көл­емінің 80%-дан астамы тиесілі.