• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 21 Ақпан, 2024

Сапасыз көмір де кәдеге жарайды

500 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық универ­сите­тінің ғалымдары тө­менгі сұрыпты көмірден био­­тыңайтқыш алды. Қа­зақ – неміс – қытай ха­лық­­аралық қолданбалы микро­биология ғылыми зерт­ханасының мамандары іске асырған жобаның ерекшелігі – тұзданған топырақты қалпына кел­тіру мен сапасыз көмірді кәдеге жарату.

Ғалымдар жасаған био­тың­айт­қыш сұйық және ұнтақ күйінде өндіріске шығады. Мұн­дай биологиялық тыңайт­қыш дақылдардың өнімін арттырып, қоршаған ортаға ешқандай залал келтірмейді.

«Қазір топырақтың тұздануы әлемде экологиялық өзекті мәселеге айналып отыр. Оның салдары адам денсаулығына, өсімдіктің өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Соны жою үшін түрлі химиялық әдіс қол­данылады. Бұл әдіс тиімді нәтиже көрсеткенімен, қоршаған ортаға зиян. Жаңа биологиялық  өнім тек экономикалық тұрғыдан емес, сонымен қатар ауыл ша­руа­шылығы саласы үшін қауіп­сіз әрі тиімді. Тұзданған және қарапайым топырақта микро­организмдердің қалыпты микрофлорасы болады. Біз сол микрофлораны бөліп алып, соның көмегімен төменгі сапалы көмірді биосолюбилизациялау арқылы гуминді зат бөліп алып, алынған өнімді тыңайтқыш ретінде енгіземіз. Кейін тыңайтқышты тұзданған топырақпен араластырғанда оң нәтижесін көруге болады. Де­мек топырақтағы тұздың кон­цен­трациясы азайып, қалып­ты нор­маға келеді», дейді Қазақ ұлттық университетінің кіші ғылыми қызметкері Бекзат Каменов.

Бүгінде патент алу және коммерцияландыру жұмысымен ай­­налысып жатқан ғалымдар ал­да­­ғы уақытта қоршаған ортаға зиян­­сыз, дақылдың өнімін өсіру­ге ық­пал ететін жаңа өнімді на­рық­­­қа шығаруды жос­парлап отыр.

 

АЛМАТЫ