• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:38

Париж-2024: Ел теннисшілері жарыс жолынан түсіп қалды

30 рет
көрсетілді

Бүгін Париж-2024 жазғы Олимпида ойындарында теннистен жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов алғашқы кездесуін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ел теннисшілері бұл бәсекеде бразилиялық Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлдқа есе жіберді.

Екі сетке созылған матчта жерлестеріміз 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша, теннистен Қазақстан атынан сайысқа түскен спортшыларымыздың барлығы алғашқы айналымнан аса алмады.