• RUB:
    5.27
  • USD:
    479.38
  • EUR:
    531.63
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 00:08

Су тасқынына қатысты зерттеулерге қаржы бөлінді

30 рет
көрсетілді

Президенттің су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне бағыттала­ды. Қаржыландырудың негіз­гі бөлігі жабдықтар мен техникалық жа­рақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге арналады. Атап айтқанда, қаражатты «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су мет­ро­­логия» филиалына тіке­лей елі­міз­дің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тас­қы­ны қаупі бар учаскелері­не ба­­т­и­­метриялық түсірілім жүр­гізу­ге бағыттау жоспарланып отыр.

Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиме­трия­лық зерт­теу жүргізуді қоса алған­да, жұ­мыстар 2025 жылы жалғаса­ды. Алынған деректер Цифр­лық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін беріледі.