• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қаңтар, 2025

Көп сұраққа жауап таптық

87 рет
көрсетілді

«Ana tili» газетіндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбатын отбасымызбен қызыға оқып шықтық.

Мұнда әлеуметтік желі мен ел арасында айтылып қалатын біраз  қаңқу сөзге нүкте қойыл­ған. Рас, Президентіміздің БҰҰ деңгейінде беделі бар. Мұны қызғанатындар да аз емес. Қым-қуыт кезеңде әлемдік дипло­матияға ізашар бастамалары өнеге болып отыр. Дегенмен бізге бірлік пен сақтық қатар қажет.

Алаңдауымыздың бір себебі: ол ұрлық-қарлыққа қарсы бітіспес айқас жариялады. «Балталымен алыссаң да, қалталымен алыспа!» деген. Миллиардтарын беріп қойып  қалталылар тек жатпасы белгілі. Кешегі Қаңтар соны көрсетті. Ол туралы сұхбатта да жақсы айтылған. Қаңтарда шынжыр балақ, шұбар төстер ашқұрсақ көпшілікті алға салып, мемлекеттік төңкеріс жасауға бір-ақ қадам қалған еді.

Президент 2022 жылға дейін елімізде қос өкімет қалыптаса бастағаны туралы ауыр да болса ащы шындықты айтқан. Сұ­рақты төтесінен қоя білген журналист Ерлан Жүніс жарады. «Мемлекет басшысы сыртқы саясатпен тым қатты шұғылданып кетіп, ішкі саясатты қалтарыста қалдырған жоқ па?» деген көпшіліктің ойына Президент дөп жа­уап берді. Ішкі саясат та – ол кісінің жіті қарап отырған өзекті мәселесі. БАҚ-тың мәліметі бойын­ша біздегі әлеуметтік аз қамтылғандар саны әлі де 2 миллиондай көрінеді. Қаңтар тәрізді оқиғаның қай елде болсын қайталануы мүмкін екенін сұхбатта Президенттің өзі де айтты. Ал қанды Қаңтар­дың елімізде бұрқ ете түсуі пиғылы жаман арандатушы топтың әрекеті екені тағы белгілі. Отыз жылға созылған әділетсіздік салдарын бү­гінгі билік бірер жылда жоя салуы мүмкін емес. Ол үшін күллі қоғамды өзгерту керек. Адамды өзгерту керек. Бұл оңай шаруа емес. Президент – жалғыз, біз – көппіз. Көпті өзгертуге көп уақыт керек. Көпті өзгертудің қиыны – біз Құдайды мансұқтаған қоғам­нан шықтық. Құдайсыз қоғам қылмыстан қорықпайды. Қыл­мысты құрықтаудың қиыны содан. Өйткені Аллаға емес, ақшаға табынып кеттік. Ендеше, кедергілердің үлкені ішкі сая­сатта. Президент сұхбаты – сол кері кеткен кедергілерді жеңуге халықты шақыру деп білеміз.

 

Смағұл ЕЛУБАЙ,

Қазақстанның халық жазушысы