Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған.
«Құрылыс алаңында қауіпсіздік ережелерін сақтамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталады», деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Петропавлда көтергіш құрылғыда жұмыс істеп жатқан екі маман биіктен құлап, 35 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмған еді. Екінші азамат түрлі жарақат алып, ауруханаға жіберілген.