Оқиға • 16 Қаңтар, 2026

Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Диас Тәңірбегеновтің есімі Семей қаласының тұрғындарына жақсы таныс. Өткен жылдың 11 сәуірінде жас жігіт көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде ерлік пен жанқиярлық танытып, жалын шарпыған пәтерден көршісін құтқарып қалды. Көрсеткен батылдығы үшін ол Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды

«Өрт кезінде көмек сұраған дауысты естідім. Жақында инсульт алып, дәрменсіз күйде жатқан көршім бірден есіме түсті. Сулап алған футболкаммен аузы-мұрнымды тұмшалап, қою қара түтін шарпыған пәтерге кірдім де, оны алып шықтым. Одан кейін көшедегі су құбырына шланг жалғап, өртті өшіруге тырыстым. Бірақ судың қысымы әлсіз болғандықтан, ол мүмкін болмады. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндірді», дейді қатардағы Д.Тәңірбегенов.

Жақында семейлік батыр Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы қатарына шақырылды. Қазіргі уақытта ол Курчатов қаласында орналасқан 3514 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатыр.

Диас өзін бұрыннан-ақ жауапкершілігі жоғары азамат ретінде танытып келеді. Қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ететін құқықтық тәртіп әскері қатарында ол алдағы уақытта да қырағылығын арттырып, кәсіби қасиеттерін жетілдіруді көздейді.

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген

Жас сарбаз белсенді спорттық өмір салтын ұстанады және қызмет барысында дене дайындығын көтеруді, әскери тәртіп пен жауынгерлік дағдыларды меңгеруді жоспарлап отыр. Қаруластары ерлігімен елге танылған адаммен бірге қызмет ету мақтаныш екенін айтады.

Диас қызмет ететін әскери бөлімде шамамен 40 сарбаз стратегиялық маңызы бар мемлекеттік нысандарды күзетеді. Қазіргі уақытта жаңадан шақырылған сарбаздар жас жауынгер курсынан өтіп жатыр. Одан кейін әскери ант қабылдау рәсімі өтеді.

Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Соңғы жаңалықтар