• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2010

Қабылданған шаралар нәтижесін беруде

481 рет
көрсетілді

Мал азығын дайындаудың бас­тапқы кезеңінде облыста қолда бар малды қыстан шығынсыз алып шы­­ғу үшін жеткілікті жем-шөп дай­­ын­дап алуда күрделі жағдай туындауы мүмкін деген абыржушылық бол­ғаны рас. Оған себеп көктемнен бас­тап шілденің ортасынан ауғанша өңірде бір тамшы жаңбырдың бол­мауы салдарынан шабындықтар­дағы шөптің шығымының нашар­лығы еді. Алайда, қашанда бір ісі ілгері жүретін облыс әкімі Елеусін Сағындықов мұндай қиындық­тар­ды жеңудің жоба-жоспарын күніл­гері жасап, аудан әкімдеріне мал азығын дайындауға байланысты талапты күшейтті. Жем-шөп дай­ындаушыларға түрлі жеңілдіктерді қарастырды. Мысалы, мал азығын дайындаушыларға берілетін жанар-жағармайды 50 пайыз арзандатуға 150,0 млн. ал тұрғындарға жем-шөп дайындаушыларды қолдауға 173,0 млн. теңге бөлді. Ал, мал азығын дайындаудың екпінді екі айлы­ғы­ның жеңімпаздарын марапаттауға 5,0 млн. теңге қарастырды. Жем-шөп дайындаудың барысына талап пен бақылау күшейтілді. Аудан әкімдерінен осы шаруа­ның қалай атқарылып жатқаны қатаң сұралды. Облыс басшысы­ның дер кезінде алған шаралары нәтижесін берді. Үстіміздегі жылғы тамыздың екінші жұлдызына 808,0 мың тонна мал азығы дайындалды. Мұның өзі қысқа қажетті мал азы­ғының 70 пайызын құрайды. Бұл ту­ралы облыстық ауыл шаруашы­л­ы­ғы басқармасының бастығы Ер­сайын Әжібаев бұқаралық ақ­парат құралдары өкілдерімен өткіз­ген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, облыс әкімі­нің өңірдің барлық тұрғындарына үндеуінен кейін халықта, әсіресе, мал азығын дайындаушылар ара­сында елеулі серпіліс болып, жем-шөпті өз күштерімен дайындап алуға сенім­­­ділік күшейген. Оған дәлел, облыс бойынша дайында­ла­тын мал азы­ғының көлемін әлде де көбейт­келі отырған көрінеді. Яғни, бұған дейін облыста 1059 млн. тон­на жем-шөп дайындау межеленсе, енді оны 1200 тоннаға жеткізу көзделуде. Облыс әкімі мал азығын дай­ындаушылардың қимылын ширата түсу мақсатында 1 қыркүйекке дей­ін белгіленген межеден көрінген аудандарды ынталандыруға тағы да 5,0 млн. теңге қаржы бөліп отыр. Сондай-ақ, жем мәселесі де оң шешілетін болыпты. Барлығы 70 мың тонна жем қажет болса, соның 57 мың тоннасын дайындауға Үкі­мет жәрдем бермекші. Облыс бас­шы­сы Елеусін Сағындықов бұл мә­селе жайында Ақмола, Қостанай, Сол­түстік Қазақстан облыста­ры­ның әкімдерімен келіссөз жүргізуде. Ауыл шаруашылығы құрылым­д­арының қарыздарын кейінге қал­дыру да қарастырылуда.Үкіметтен сиырларды сақтауға 325 млн. теңге субсидия бөлінеді деп күтілуде. Бұл субсидияны алғандар да сиырлар санын кемітпеу үшін оған жем-шөп сатып алатыны сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, қыстан қы­­сылмай шығудың барлық мүм­кін­­діктері бар. Бастапқыда мал азы­ғын басқа өңірлерден дайындау жо­лы да қарастырылған екен. Қазір ондай қажеттілік жоқ. Себебі, Ойыл ау­данының өзінде ғана 10 мың тон­­на дайындалған пішен алушысын кү­туде көрінеді. Мұндағы мал азы­ғы анағұрлым арзан да. Осындай мүмкіндіктер бірқатар аудандарда да бар. Айналдырған бір айдың ішінде қажетті мал азығының 70 пайы­зын дайындап алған ақтө­бе­лік­тер нау­қандық жұмысты қазан ай­ында да жүргізуге болатынын ескеріп, үде­ден шығатындарына сенімді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.