• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2010

Қауқар-қарымымыз артып келеді

529 рет
көрсетілді

Орман – ел дәулеті ғана емес, сәулеті де. Табиғат сыйлаған осынау байлықты көздің қарашығындай сақтау, оған аялы көзқарас таныту баршамыздың мінде­тіміз. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мәселен, Ауыл ша­руашы­лығы министрлігінің бұйры­ғына сәйкес, біздің инспекция тар­а­пы­нан биылғы жыл­дың өзінде облыс аума­ғын­дағы 14 орман шаруашылығының, “Көк­шетау және “Бу­рабай” мемлекеттік ұлттық табиғи бақта­ры­ның, “Сандықтау” арнайы кәсіп­орнының, “Жасыл аймақ” республикалық мемлекеттік кәсіпорны­ның тілсіз жауды ауыздықтауға және алдын алуға қатысты қарым-қауқары жан-жақты тексерістен өткізілді. Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу бас­қармасы Төтенше жағдайлар департа­мен­тімен бірлесіп, “Облыс ормандарын өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз ету” тақыры­бында екі рет тәжірибелік семинар ұйым­дастырды. Аумақтық инспекция маманда­ры орман қорғау заңнамаларына қатысты лекциялар оқып, арнайы сек­цияларда ше­берлік сыныптарын өткізді. Сондай-ақ, ағым­дағы жылдың сәуір айында Отрад­ненское орман шаруашы­лығы мемлекеттік мекемесінің аумағында “Ірі көлемдегі табиғи өрт басталған жағ­дайда, онымен күресті басқару орган­да­ры­ның, өрт және апаттық құтқару қыз­меттерінің және жергілікті орман шаруа­шылығы мекеме­лерінің іс-қимылы” тақырыбында аумақ­тық өрт-тех­никалық оқу-жаттығу­ла­рының өткізі­луінің еселі қайтарымы бо­лады деп ойлаймыз. Ал­дағы кезде мұн­дай шараны Ерейментау ауданындағы орман шаруа­шылық­та­рында өткізу көзделуде. Осы шаралар нәтижесінде жұмысы­мыз­дың жазғы маусымға, яғни өрт қауіп­сіздігі неғұрлым күрделі сипат алатын кез­­ге арналған іс-шаралар жоспары тү­зілді. Орманды алқаптарда 27 шолу мұ­на­расы ор­натылып, барлық 57 өрт сөнді­руші жау­ынгер мен мамандар тиісті оқуға тарты­лып, олардан емтихан алын­­ды. Бұл мем­ле­кеттік табиғат бақтарынан және қорық­тардан, республикалық бағыныс­тағы мекемелерден басқасы. Облыстағы орман шаруашылықтары мен орманды пайдаланушы мекемелердің материалдық-техникалық тұрғыдан жарақ­тандырылуы жақсара түскенін атап өтуге болады. Төтенше жағдайдың бетін қай­таруда 37 арнайы өрт сөндіру автомә­шинесі, тіркемелі құрал-жабдықтары бар 66 трактор тәулік бойы кезекшілік атқа­руда. Олардың қозғалысын қамтамасыз ету үшін 58,3 тонна дизель отыны мен 65,2 тонна бензин қорланды. Ақмола, Бурабай, Зеренді авиатоптарының күші­мен шұғыл шолу және барлау жұмыс­тары кесте бой­ынша жүргізіліп жатыр. Орман күзетіндегі әріптестеріміз 409 аспалы өрт сөндір­гіш­термен, мотопом­палармен, көбік шаш­қыш­тармен, басқа да құралдармен қамта­масыз етілген. Қоғам байлығы бірлесіп қорғағанда, ти­істі жанашырлық танытқанда ғана игі­лігімізге айналып, болашағымызды нұр­ландырады. Сондықтан ортақ істе ешкім де бейтарап қалмайтындығы белгілі. Бұл Қазақстан Республикасының “Өрт қау­іп­­сіздігі туралы” Заңында, Орман кодек­сінде атап көрсетілген. Бұл орайда облыста тыңғылықты істер жүргізілуде дей аламыз. Мүдделес мекемелермен, шаруашылық құ­рылымдарымен өзара ынтымақ мәмі­ле­леріне қол қойылып, тиісті міндеттемелер алынды. Ол жұмыс жоспарында көрсет­і­ліп, жергілікті ақпа­рат құралдары арқылы жұртшы­лыққа жеткізілген. Осыған бай­ланысты қажетті жағдайларда қоғамдық өрт сөндіру жасағының 924 жауынгері, 158 авто­көлік пен 196 трактор өрт ошақ­та­рын­дағы арпа­лысқа қосымша жұмылдыры­латын болады. Дегенмен, халқымыздың “Сақтансаң – сақтаймын” деген нақылы әлі күнге өзекті күйде екендігін айтқанымыз жөн. Бұл жауапкершіліктің осалдығын еске салады. Мәселен, былтырдан бері об­лыстың ор­манды алқаптарында 61 рет өрт оқиғасы тіркелді. Шығынның көле­мін миллион­даған теңгемен есептеуге болады. Инспек­ция тарапынан айыпты­лар­ға қатысты қатаң шаралар қолданы­лып, келтірілген зиянның орны толты­ры­луда. Өрт адамдардың қолымен ғана емес, табиғи ауытқушылықтардан да тұтана­­тыны бар. Жасыл желекті аймақта орын алған өрттің 15-і найзағайдан келіп отыр. Демек, төтенше жағдайларға дай­ын­дықта әлсіз бу­ындар баршылық. Сон­дықтан тілсіз жау­мен күресті кешенді түрде жүргізу қажет екендігін қайталап айтудың өзі артық. Об­лыстық мекеме бұл орайда қырағылықты арттырып, өз құзырындағы міндетте­ме­лерін абырой­мен атқарып келе жатыр. Бексұлтан БАЙМҰТОВ, Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бастығы. Ақмола облысы.