• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2010

Өрлеу жылдарының өрісі кең

468 рет
көрсетілді

Еліміз жақсы дәстүрлермен өмір сүріп келеді. Соның бастысы — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары. Биылғы жылдың басты құжатында алдымызға аса маңызды міндеттер қойылды. Мұнда өңірлік дамудың серпінділігін қамтамасыз ету айрықша сын болмақ. Осы орайда Астрахан ауданының әкімі Рашит Әкімовті әңгімеге тартқан едік. – Әр жылдың өз белең-белесі болады. Сол белес алдына мақсат қойғандар үшін биіктей беруге тиісті. Осы тұрғыдан алып қарағанда, биылғы жылдың қандай ерекшелігін сезінесіз? – Барлық деңгейдегі әкімдердің би­ыл­­ғы есепті жиналыстары Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен тұспа-тұс келді. “Жаңа онжылдық – жаңа эко­номикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндік­те­рі” аталатын маңызды құжат ел өміріне елеулі оң өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Ат­қарушы және жергілікті билік органдары қазірдің өзінде Жолдау алға тартқан міндеттерді жүзеге асыруға қатысты түсі­нік шараларын белгілеп, насихаттық топ­тар қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Ал был­тырғы жылдың атқа­рылған шаруалары мен алар сабақтары бар­шаңызға белгілі. Елбасының төраға­лығымен өткен кеңесте Үкіметтің атқар­ған жұмыстарына сын­дар­лы баға берілді. “Өткен жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болғаны анық, деді Н.Назарбаев. Дағдарысты жеңу үшін біз аса зор да ауқымды шаралар атқардық. Үкі­мет бас­шы­лығы, министрлер мен әкім­дер бірігіп істеген нәтижелі жұмыс­тардың арқа­сында біз дағдарыстан абыроймен өттік”. Бұл көтеріп сөйлегендік емес. Расы сол. Бірақ, Жолдауда атап көрсетіл­генін­дей, еліміздің ертеңі еңселі бола түсуі үшін еселенген жігермен еңбек етуіміз керек. Алдағы он жылымыздың асқақ міндеттері нақтылай айқындалды. Жыл ерекшелігі — осы айқындылы­ғында. – Дұрыс айтасыз, жолың айқын болса, жүрісің де өнімді. Дегенмен, жаңа мін­деттеме қабылдау үшін қуатты қарым-қай­ратың болуға тиісті. Ел алдындағы есепті еске салдыңыз, өзіміз оған қатыс­қан­дықтан, қол жеткенді місе тұтпайтын халқыңыздың жаңа талаптары көңіл аудартқан. – Бірлесіп атқарған жұмыс, яғни жер­лестеріміздің ынтымақ-бірлігі, қым­бат дәстүріміз саналатын достық және өзара түсіністік қатынастары аудан ты­нысын кеңітті. Кездескен қиындықтар даму қар­қы­нын тоқтата алмады. Елба­сының дағ­дарысты еңсеруге арналған тапсырма­ларында “Жол картасы” жо­басының ма­ңызы айрықша. Ол эконо­миканың нақты секторын қолдауда әлеуметтік серпіліс­терге бағдарланды. Бұл алға қойылған көптеген бағдарла­ма­лардың жүзеге асуын қамтамасыз етті. Жетекші сала – ауыл шаруашылығы өндірісінде ауыз толтырар жетістіктер бар. Мәселен, 2009 жылы 345,9 мың гек­тарға дәнді дақылдар егілсе, оның 208 гек­та­ры құнар сақтау технологиясымен өң­делді. Гектар түсімділігі 10,7 цент­нер­ден айналып, 2008 жылмен салыстыр­ғанда 150 мың тонна астықтың артық алынуы егіншілік мәдениетін жақсартуға бетбұрыс жасалғандығын көрсетеді. Тауар өндірушілерді жанар-жағармаймен, өнгіштігі жоғары тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен және басқа мате­риал­дық құндылықтармен қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан 279,8 миллион теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ жыл ішінде “Болашақ” ауылдық несие се­ріктестігі 218,4 миллион теңге қаржы бо­сатуы диқандар қауымының әлеуеттілігін аңғартады. Техникалық паркті жаңартуға 1 миллиард 813 миллион теңге инвести­ция құя білдік. Бұл биылғы науқанның да ойдағыдай өтетініне негіз болады. Жаңағы сіз айтқан жыл ерекшелігі өзіндік сабақтарын алға тартты. Жоғары өнім алғанымызбен, оны өткізудегі қиындықтар салдарынан жақсы ойлары­мыз жүзеге аспай отыр. Оның үстіне аудан Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруда өзінің географиялық қо­лайлы мүмкіндігін толық пайдаланбауда. Ауылдық жерлерде индустриялық бағыт­тағы кәсіпорындар саны аз. Мал басы­ның өсімі байқалғанымен, қайта өңдеу саласы сұранысты қамтамасыз ете алмау­да. Осыған байланысты бірнеше өзекті мәселені алға тарттық. Астық рыногын­дағы тәуелділікті жою үшін дәнді дақылдар құрылымын өзгерту қатаң сұралмақ. Ауданның жер қорын түгендеу жайылымдық жердің 18 пайызы ғана пайдаланылатындығын көрсеткен. Жеті ауыл бұл мәселеге тіпті мойын бұрмайды екен. Сондықтан, бос жатқан жайы­лымдық және мал азығындық жер ауданның арнайы қорына қайтарылып, мал шаруашылығымен шындап айналы­сатын ұжымдарға бөліп берілмек. – Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру Елбасы алға қойған абы­ройлы міндет. Мұнда кең шеңберлі мәселе бар. Өзгелерге үлгі көрсетер тұс та осы емес пе? – Жауапты өнеге тұтар бір мысалдан бастайын. Аудандық мәслихаттың депу­таты Бұғыбай Ізбасаров басқаратын “Ізбасаров-К” ЖШС былтыр 400 мил­лион теңгенің өнімін шығарып, 100 мил­лион теңге пайда тапты. Шаруашылықта өткен жылы 130 миллион теңгенің ауылшаруашылық техникасы сатып алынса, биылдың өзінде төрт “Нива” ком­байны сапқа қосылды. Мұнда жұмыс­шыларға “он үшінші” еңбекақы төленіп, өтініш білдіргендерге несие қара­жаты беріледі, мәдениет үйі мен мешіт шаруа­шылық есебінен ұсталып, тұрғындарға басқа да жеңілдіктер жасалады. “Колутон-04” ЖШС өз қаражатына 134 бас қазақтың ақ бас сиырын сатып алып, табынды 700 басқа жеткізді. “Ка­мы­шенко” серіктестігінде 1000 бас ірі қара бордақыға қойылды. “Острогорс­кий” ЖШС 4000 ірі қараға арналған ин­вес­тициялық жобаны іске асыруға кірісті. Арнайы комиссия мен қаржы институт­тарының сүзгісінен өткен және қаралып жатқан басқа да жобалар бар­шы­лық. Бұл ауданымызда заман тала­бына сай аграр­лық-индустриялық ауыл шаруашылығы өндірісін қалыптастырар­лық қарым барлығын байқатады. Өнеркәсіп саласы да даму үстінде. Жыл ішінде 1 миллиард 800 миллион теңгенің өнімі өндірілуі сөзіміздің дәлелі болмақ. Бір ғана “Колутон-95” ЖШС-де 41 мың тонна ұн тартылса, “Заря-1” ЖШС, кірпіш және қиыршық тас зауыт­тары тұты­нушыларға 64,5 миллион теңгенің өнімін  жөнелтті. “Жол картасы” бағ­дар­ламасы тұрғындар тіршілігін қам­та­ма­сыз етуде бұрын-соңды болмаған игіліктерді орнықтырды. Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз етуде, өнеркәсіп өнімдерін ұсынуда, қызмет көрсетуді жандандыруда шағын және орта бизнес құрылымдары серпіліп жұмыс істеуі тиіс. Бұл ең алдымен өзде­ріне қажет, яғни еңбек белсенділігін арттыру арқылы тұрмысымыз да түзеле түседі. Бізде 1623 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Мұнда аудан тұрғындарының 21 пайызы еңбектенеді. Былтыр салада 532 жаңа жұмыс орындары құрылды. Осыған сәйкес салық түсімдері де сал­мақ­ты болып, 124 миллион теңгені құра­ды. Соған қарамастан, жол бойы сервисі, қызмет көрсетудің басқа да түрлері, сүт қабылдау пункттері мен қасапханалар, шағын цехтар тым аз. “Бизнестің жол кар­тасы-2020” бағдарламасы шеңберінде ар­найы құрылған комиссия қайтарымы мол, тартымды ұсыныстар мен жобалар­ды қаржыландыру мәселесімен айналысуда. – Жолдауда “Жол картасы-2009” жос­пары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық нысандарын кезең-кезеңімен нығайтып, қайта жаңғырту тапсырмасы қойылды. Ауданда бұл жобалар қалай жүзеге асуда? – Елбасы Н.Назарбаев алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті аза­мат­тарымыздың тұрмыс жағдайын жақ­сарту, өмір сүру қабілетін арттырып, әлеу­меттік тұрақтылықты қамтамасыз ету екендігін атап көрсетті. Ауданымызда су және жылумен қамтамасыз ету, жол­дарды жөндеу, әлеуметтік нысандардың кідіріссіз жұмысы ерекше бақылауда тұр. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ойдағыдай орындау нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы кезек күттірмес проблемаларды шешуге, аудан­дық мәдениет үйін жөндеуге, Астра­хан ауылына 3 шақырымдық жарық жүйесін орнатуға, аулаларды тәртіпке келтіруге, ауыз сумен қамту жүйелерінің жобалық құжаттарын дайындауға 70 миллион теңге жұмсалды. “Жол картасы” бағдар­ламасы бойынша аудан орталығындағы қазандықты күрделі жөндеуге 73,9 миллион теңге, “Каменка-Қайнар” жолын жөндеуге 14,6 миллион теңге жұмсалып, Новочеркасск су құбырының құрылысында 120 миллион теңгелік инвестициялық жоба іске асырылды. Кешенді жоспар бойынша 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, оған бюджеттік сала мамандары қоныстанды. – Атқарушы билікке жүктелген жұмыстың нәтижелілігі тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың стандарттарын және өмір сүру сапасын арттырумен бағаланады. Жолдауда бұл мәселелер айрықша атап көрсетілді. – Иә, елді жаңғырту стратегиясының табыстылығы осы жайларға негізделген. Аудан бюджетінің 62,2 пайызы білім беру саласына жұмсалып отыр.  Мектептердің материалдық базасы жаң­ғыр­тылып, жаңа жабдықтар сатып алын­ды. Жаңа оқу жылында 37 жас мұғалім­нің еңбекке орналастырылып, пәтермен қамтамасыз етілуі осының арқасы. Ауданда 187 баланы қамтитын 9 шағын орталық жұмыс істейді. Былтыр Жалтыр стансасында 140 орындық “Алтын дән” балалар бақшасы, Перво­майка, Каменка ауылдарында шағын орталықтар пайдалануға берілді. “Жол картасының” мүмкіндіктері өңірлік дамудың серпінділігінен, өмір са­па­сын жақсарту және әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларының жандануынан байқалады. Ауданымызда әр науқасты емдеуге жұм­са­латын шығын көлемі 30,4 мың теңгеге ұлғаюы қан айналымы, демікпе, асқазан кеселін 46 пайызға, туберкулезбен ауыратындар санын 8,1 пайызға қысқар­тып отыр. Бала туу 8 пайызға өсті. Жалпы алғанда, Жолдауда белгілен­ген дағдарыстан кейінгі даму, экономи­каның тұрақты өсуі, бәсекеге қабілет­тіліктің қарымын арттыру, этносаралық келісімді нығайту мәселелері басты ұс­танымымыз ретінде ілгері жылжуымызды қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы, Астрахан ауданы.